Поделиться Поделиться

Күнбағыс жинауға арналған ПСП-1,5 тетігі

75-параграфта аталғандай, 34-ІОЗА тетігі жаткаға бекітілетін желілер комплектісінен тұрады. Бұл жағдайда қайта жабдықталған комбайн тек күнбағыс бастарын қырқып, бастырумен ғана шектеледі. Сабақтар егістікте қалады, ал күнбағыс бастары ұса-тылмайды.

ПСП-1,5 тетігінің комплектісіне комбайн жаткасының орнына молотилкаға асылып орнатылатын арнаулы жатка, молотилкаға асылып орнатылатын және сол жаткаға жалғанатын сабақ турауыш барабанның (СК-4) шынжырлы берілісі, қалқандардың 10, 11(56-сурет) қабылдау камерасына орнатылатын тор, ұсақтауыш кіреді.

Мынандай да вариант бар: ПСП-1,5 комплектісімен қайта жаб-дықталған комбайнның 2ПТС-4 арбашығымен қосьшша жабдық-талуы да мүмкін.

Тетіктің жалпы массасы 1836 кг.

ПСП-1,5 тетігімен қайта жабдықталған комбайн мынандай опе-рацияларды атқарады: күнбағыс бастарын қырқып, бастырады және ұсақтайды; сабақтарды қырқып, ұсақтайды және оларды аңызға шашып тастайды. Егер комбайн 166-суретте көрсетілген схема бойынша жұмыс, істесе, онда ұсақталған күнбағыс бастары аңызға шашылып тасталады. Тіркемелі арбашық қолданылған жағдайда ұсақталған күнбағыс бастары қорапқа тиеледі.

Тетік жаткасының алым ені — 4,2 м (70 сантиметрден алты қа-таралық). Жатка (167-сурет) қаңқадан (екі 3, 9 шеткі және бес ортаңғы 8), лифтерден, жуан сабақты дақылдарға арналған қырқу аппаратынан, шнектен 1 және көлбеу корпустың қалықтама тран-спортерінен тұрады.

ПСП-1,5 шнегінің комбайн жаткасының шнегінен айырмашлығы мынандай: оның ортасында саусақты жинауыш механизм жоқ; оның оң жақтағы және сол жақтағы спиральді ленталарының соңы жазылған жартылай орам болып аяқталады.

Ортаңгы лифтердің әрқайсысы қаңқадан, шынжырлы сабақ транспортерінен 5, 6, ленталы тұқым транспортерінен 4, конус тә-різді беріліс қорабынан 7, сол жақ алмалы-салмалы және сол жақ . реттемелі қанаттардан тұрады.

Сол жақ лифтердің 3 ортаңғы лифтерлерден айырмашылығы, онда сабақ транспортері, беріліс қорабы және алмалы-салмалы қанаттар болмайды. Оң жақ лифтерде сабақ транспортерлері бар, бірақ олар жатканың өзіне орнатылады.

Адымы 19,5 мм шынжырдан даяранған сабақ транспортері қос қатармен орналасқан. Лифтердің арасындағы каналдармен жылжи отырып транспортер сабақтарды үстайды да қырқу аппар.атына береді.

Жоғарғы транспортер төменгіден қысқалау, ол қалбағайдың

Күнбағыс жинауға арналған ПСП-1,5 тетігі - Инвестирование - 1

166-сурет. ПСП-1,5 тетігімен жабдықталған комбайнньщ журіс схемасы:

1 — лифтер; 2 — жатка; 3 — таяныш доңғалақ; 4 — ұсақтағыш аппарат; 5 — күнбағыс басын ұсақтағыш.

Күнбағыс жинауға арналған ПСП-1,5 тетігі - Инвестирование - 2

167-сурет. ПСП-1,5 тетігінің план және беріліс түрі:

1 — шнек; 2 — сабақ турағыш; 3 — сол жақ лифтер; 4 — тұқым транспортері; 5 — төменгі сабақ транспортері; 6 — жоғарғы сабақ транспортері; 7 — конус тәрізді беріліс қорабы; 4 — ортаңғы лйфтер; 9 — оң жақ лифтер.

міндетін атқарады. Жоғарғы транспортердщ жылдамдығы 0,78— 2,4 м/с, ал төменгі транспортердің жылдамдығы — 0,62—1,97 м/с. Жоғарғы транспортердің ұзындығы 914,4 мм, төменгінікі — 2114 мм. Транспортер табаншаларының ара қашықтығы 114,3 мм.

Сабақ транспортерлерінін керілуін жетектегі жұлдызшалар осін қаңқа ойығымен жылжыту арқылы реттейді.

Резиналы лентадан даярланған тұқым транспортерлері құйылған тұқымдарды жатка шнегіне жеткізіп тұрады. Олардың жыл-дамдығы 0,52—1,87 м/с.

Транспортерді керу үшін жетектегі роликті лифтердің бүйірін-дегі ойықпен жылжытады.

ПСП-1,5 тетігімен жабдықталған комбайн егін жинау кезінде лифтерлер арасындағы каналдар күнбағыстың қатарларымен дәл

келетіндей есеппен жылжуға таіс, Шынжырлы транспортердің та- баншалары сабақты ұстап, қырқу аппаратына жылжытады. Ка-налдардың құрылымы мынандай, сабақтар оның ішіне орналасады, әрі солға қарай иіледі. Осының арқасында күнбағыс бастары; лифтерлердің үстіне шығады. Шалғы қырыққан күнбағыс бастары шнекке түсіп, одан қалықтама транспортер қабылдау камерасына жеткізеді. Мұндағы тордың тесіктері арқылы бастырылған дәндер- мен үсақ үйінді дәндер сиретіледі. Бастырылған күнбағыс бастары клавишалармен ұсақтауышқа 5 (166-сурет) жеткізіледі.

Бастары қырқылғаннан кейін күнбағыс сабақтарын бөлгіштер ұсақтауыш аппаратының айналып тұрған білікшелерінің аралығына бағыттайды. Мұнда сабақтар дискісі пышақтармен кесіліп (15—20 см биіктікте), содан, кейін білікшелермен итеріліп әрі противорезі бар бойлық пышақпен бөлшектеніп (10—15 см ұзындықта) туралады. Ұсақталған сабақтар егістікке шашылып тасталады.

Сабақ ұсақтауыш құбыр тәрізді арқалықтан, алты беріліс қо-рабынан, алты ұсақтауыш аппараттан, бөлгіштерден, қарсы же-тектен және тірек дөңгелектен тұрады. Құбыр тәрізді арқалықтың екі аспа рычагы бар, олар ұсақтауышты комбайн молотилкасының алдыңғы тірегіне жалғау үшің кджет. Осы мақсатта тірекке сүйеніш кронштейндерді дәнекерлеп жалғастыру керек. Ұсақтауышты жаткаға гидроцилиндр осіне бекітілген екі аспа арқылы жалғайды. Жатканы тасьшал қалпына көшірген кезде осьті аспаньщ жоғарғы тесіктеріне ауыстырып қояды.

Ұсақтауыш аппарат жұмыс кезінде бір-біріне қарама-қарсы айналатын екі білікшеден тұрады.

← Предыдущая страница | Следующая страница →