Поделиться Поделиться

Кәсіпорын туралы қысқаша мәліметтер: тарихы, шаруашылық қызметі

2015 жылдың маусымында Солтүстік Каспий жобасының операциялықмоделін қайта құрылымдау процесі « West Energy Group» («НКОК Н.В.») компаниясына Солтүстік Каспий жобасының басқа екікомпаниясының, атап айтқанда «West Energy Group» («НКОК Б.В.») және «Эн Си Продакшн Оперейшнс Компани Би. Ви.» (NCPOC) компанияларының қосылуымен аяқталды. Оның нәтижесінде: (1) «НКОК Б.В.» және NCPOC компаниялары өз жұмыстарын тоқтатып, (2) «НКОК Н.В.» компаниясы «НКОК Б.В.» және NCPOC компанияларының біртұтас құқықтық мұрагеріне айналды. СКӨБК шеңберіндегі мердігерлік учаске 5600 шаршы километр құрайтын аймақты алып жатыр және әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып табылатын Қашаған алып кен орнын, сонымен қатар Қаламқас, Ақтоты және Қайраң кен орындарын қамтиды.  

Кәсіпорын туралы қысқаша мәліметтер: тарихы, шаруашылық қызметі - Инвестирование - 1

Концорциумға қатысушылар

Кәсіпорын туралы қысқаша мәліметтер: тарихы, шаруашылық қызметі - Инвестирование - 2

Жылдар мен Жолдар

1997 ж. Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімге қол қойылды.
1998 ж. СКӨБК шеңберінде ауданы 5600 шаршы километрге тең мердігерлік учаскеде көмірсутегілерді барлау және өндіру жұмысын жү зеге асыру үшін Оффшор Қазақстан Интернэшионал Оперейтинг Компани (ОКИОК) халықаралық консорциумы құрылды.
2000 ж. Қашаған кен орны ашылды.
2001 ж. Жаңа операциялық компания – Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (Аджип ККО) құрылды.
2002 ж. Қашағанның коммерциялық ашылуы туралы жарияланды.
2005 ж. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Консорциумның мүшесі болды.
2006 ж. Алғашқы өнім беру ұңғымасы іске қосылды.
2009 ж. Жаңа операциялық компания – Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В. ресми түрде СКӨБК бойынша жобаның Операторы болып тағайындалып, бұрын «Аджип ҚКО» компаниясы атқарған міндеттемелерді өз мойнына алды.

Кәсіпорында қолданылатын программалар

Microsoft Outlook

Microsoft Outlook — Microsoft Office программалар жиынына кіретін, почталық функциялары бар Майкрософт компаниясының жеке ақпараттық менеджері.

Электронды почтадан басқа Microsoft Outlook қызметтеріне күнтізбе, жазба кітапша, контакт менеджері және тапсырмаларды жоспарлау кіреді. Сонымен қатар, жұмыс күнделігін жасау үшін, Outlook Microsoft Office жиынындағы құжаттармен жасалған әрекеттерді бақылап отырады.

Outlook жеке құрал ретінде және Microsoft Exchange Server почталық серверінің клиенті ретінде қолданыла алады. Жоғарды аталған почталық сервермен жұмыс кәсіпорын қызметкерлеріне үлкен мүмкіндіктер береді. Атап айтатын болсақ: ортақ почталық жәшіктер, тапсырмалар бумалары, күнтізбелер, конференциялар, жоспарлау және ортақ кездесу уақыттарын тағайындау, құжат айналымын ұйымдастыру.

«Диспетчер деловых контактов» — MS Office Outlook 2003 программасындағы қосымша құрал болып табылады. Мүмкіндіктері: іскерлік контактілерді, есептерді және мүмкін болатын сатуларды басқару. Сонымен қатар, бұл құрал көмегімен кездесу, тапсырма, еске түсірулер туралы сурет, ескертпе арқылы толық ақпарат алуға болады.

← Предыдущая страница | Следующая страница →