Поделиться Поделиться

КОМБАЙН МОЛОТИЛКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН РЕТТЕЛУІ

IX тарау. БАСТЫРУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ

§ 20. Отандық астық комбайндарының дамуына

қысқаша шолу

Отандық астық комбайндарына алғашқы жаппай шығарыла бастағанынан (1930 ж.) 1947 жылға дейін тек штифті барабан қойылған болатын. Сонан соң 1947 жылдан 1957 жылға дейін де штифті барабаны бар комбайндар (С-6) шығарылды, алайда соны-мен бірге соққылауыш барабаны бар комбайндар да (С-4, С-4М) жасалып тұрды. 1958 жылдан бастап біздегі комбайн жасау өн-дірісінде тек соққылауыш барабан қолданылады. Тек күріш жи-науға арналған кейбір комбайндарда (СКГ-4, СКПР-4, СКД-5Р, СКПР-5, СКПР-6) бір штифті барабан бар (екіншісі — соққылауыш барабан).

Ұзақ уақыт бойы бастыру аппараты құрылғысының негізгі па-раметрлері де сол күйінде өзгеріссіз сақталды. Мәселен, 1947 жыл-дан 1972 жылға дейін барабан диаметрі (550 мм) өзгермеді. Ол сол күйінде С-4 комбайнына орнатылды да, кейіннен СК-3, СК-4, СК-4А және СКД-5 комбайндарында сақталды. Соққылауыш битердің де параметрі шамалы ғана өзгерді. Мәселен, С-4 (1947 ж.) комбайнына минутына 479 айналым жасайтын битер қойылды. СК-3 және СК-4 комбайндарында соққылауыш битер минутына 477 рет айналады.

Кейінгі жылдардағы елеулі өзгеріс дека конструкциясында болды. Өздігінен жүретін С-4 комбайнына (1947 ж.) конструкциясы мен пайдаланылуы жағынан біршама күрделі, бұрыштық орамы 126° үш секциялы дека орнатылды. Алдыңғы екеуіне рессор қойылды, артқысы — қатаң бекітілді.

СК-3 комбайнының (1956—1957 жылдар) конструкциясын ой-ластырған кезде бурыштық орамы 105° бір секциялы, қатаң асылып орнатылған дека қабылданды. Оның саңылауын өзгертіп тұру үшін, оларды кіру және шығу кезінде синхронды реттеп тұратын дистанционды механизм құрастырылды.

Алпысыншы жылдардың орта кезінде еліміздегі конструктор-льшжәне ғылыми ұйымдарда комбайндардың технологиялық про-цесіи, ең алдымен оның бастыру-айырғыш жұмысшы органдарын интенсивтендіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде біршама жетілдірілген және жаңаланған комбайндар, атап артқанда, СКД-5, СК-4А, СК-5, СК-6 т. б. жасалды.

1969 жылы СКД-5 комбайны жасалып, өндіріске қабылданды, мұнда бірдей екі барабанмен бастыру идеясы тұңғыш рет іс жүзіне асырылды. Барабандардың диаметрі — 550 мм, әр деканың бұрыштық орамы—127°, СКД-5 комбайнындағы соққылауыш би-тердің айналу жиілігі — 816 айналыс/минут, оның шеңберлік жыл-дамдығы 15 м/сек (С-4, СК-3 және СҚ-4 комбайндарында 9 м/сек).

Комбайндардың технологиялық процестерін интенсивтендіруде дәнді дақылдарды жинайтын машиналар мен өздігінен жүретін шасси жөніндегі мамандандырылған Бас конструкторлық бюроның коллективі (Таганрог қаласы) аса ірі эксперименттік зерттеулер жүргізді және жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде алғашында жа-ңартылған СК-4А комбайны жасалып, 1969 жылы өнеркәсіпте иге-рілді, сонан соң СК-5 (“Нива”) және СК-6 (“Колос”) жаңа ком-байндары шығарылып, СК-4А-ның орнына жаппай өндіріле бас-тады.

СҚ-4-ке қарағанда СК-4А комбайнының негізінен екі түрлі: декасы мен соққылауыш битерінде өзгешеліктері бар. Дека екі секциялы болып, бұрыштық орамы 143° жеткізілді, ал соққылауыш битер барабанмен салыстырғанда жаңаша қалпында орна-ластырылып, шеңберлік жылдамдығы едәуір арттырылды (16 м/сек). Бұл өзгарістер (басқа да жетілдірілулерімен қоса) СК-4А-ның өткізгіштігін СК-4 комбайнындағы 3,70 қг/сек орнына дәннің сабанға қатынасы 1 : 1,5 болғанда 4,37 кг/сек дейін арттырды.

СК-4А құрылғысында жүзеге асырылған бастыру-айырғыш принципі, жаңа комбайндарда да (СК-5 және СҚ-6) пайдаланылды, алайда аса маңызды бір өзгеріс енгізілді: барабан диаметрі 600 м ұзартылды. Бұл комбайндарға да екі секциялы дека қолданылды, тек бұрыштық орамы 146° болды.

Таганрог қаласында құрылған мамандандырылған Бас кон-структорлық бюроның СК-5 және СК-6 жаңа комбайндарының бастыру-айырғыш механизмдеріне енгізген өзгерістері 41-суретте келтірілген. Осы суреттің сол жағында СК-4-тің бастыру аппараты бейнеленген. Мұнда соққылауыш битер 1 мынадай операцияларды атқарады: барабан лақтырған бастырылған массаның жылдамдығын баяулатады (9 м/сек дейін) және осы массаның қозғалу бағытын сақтайды (клавишаның алдыңғы каскадтарының беткейіне параллель). Соққылауыш битердің мұндай әрекеті клавишаның алдыңғы каскадтарының тесігі арқылы дәннің айырылуының ин-

тенсивтілік процесін жеткіліксіз етеді — мұнда дәннің -көпшілік бөлігі бастырылған массаның жоғарғы жағында орналасады.

Суреттің оң жағында СК-5 және СК-6 комбайндарының бас тыруайырғыш қондырғысының схемасы көрсетілген. Мұнда битер- дің 2 формасы өзгертіліп, барабанмен салыстырғанда жоғары және алға жылжытылған. Оның шеңберлі жылдамдығы 17,8 м/сек дейін арттырылған. Битерді басқаша орнату деканың бұрышты орамын көбейтуге мүмкіндік берді. Бұлай үйлестірудің нәтижесінде бастырылған массаның қозғалу сипаты өзгереді. Ол барабанмен тік жоғары лақтырылып, битерге берідеді. Бірақ битер үдемелі жылдамдықпен айналады. Сондықтан ол бастырылған массаны қайтарып, оны күшпен клавишаның алдыңғы каскадына тік бұрышта бағыттайды. Соның нәтижесінде клавишаның алдығы каскадында бастырылған массадан дәннің бөлінуі күшейе түседі.

СК-5 және СҚ-6 комбайндарында деканың бұрыштық орамын 146° дейін арттырғанда, оның ұзындығы 816 мм үзарды (СК-4 ком- байнында 525 мкг болатын). Соның нәтижесінде бастыру құрыл- ғысында дәнді айыру процесі арта түсті.

Сыңар барабанды және қос барабанды комбайндарды (моло- тилкаларының ені бірдей болған жағдайда) салыстырып сынағанда мынадай нәтиже алынды: сыңар барабандыға қарағанда қос барабанды комбайнның өткізгіштігі едәуір жоғары болды. Оның үстіне қос барабанды комбайн салыстырмалы жағдайда дәнді жармалауы мен зақымдауы мүлде шамалы екендігі байқалды Осыған орай СК-5 және СК-6 сыңар барабанды комбайндардың негізінде олардың жаңартылған қос барабандысы (СК-5-ІІ және СК-6-ІІ) шығарылды.

Біздің конструкторлық ұйымдарымыз соңғы жылдары қазірі астық жинайтын комбайндарды жақсарту және олардың өнімділігін арттыру, сондай-ақ өткізгіштігі едәуір жоғары жаңа комбайндар жасау жөнінде барынша шұғылдануда. Мұндайда конструк-

КОМБАЙН МОЛОТИЛКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН РЕТТЕЛУІ - Инвестирование - 1

41-сурет. Бұрынғы (СҚ-4) және жаңа (СК-5 пен СК-6) бастыру-айыру кұрылғыларының әрекет ету процесі:

1 және 2 — битерлер; 3 және 4 — декалар.

торлар комбайндардьщ жетілдірілген және жаңа үлгілеріне тех-никалық прогрестің көптеген соны элементтерін, атап айтқанда, мыналарды енгізуге талаптануда: шу мен дірілден жақсы қорғалған ыңғайлы кабина; рульдік қалыпты көлбеулік бұрышы бойынша реттеу; рычаг пен педальді пайдаланғанда мүмкіндігінше аз күш түсіру; гидравликаны барынша пайдалану (жүріс бөлігі мен жұмыс органдарын жетекке келтіру үшін, басқару процесін меха-никаландыру немесе автоматтандыру); сыйымды астық шанағы (4,5 м3 және одан да астам); сыйымдылығы үлкен жанар май бағы (300 л және одан астам); қуаты арттырылған двигатель (200— 250 ат күші, немесе 147,2—184 кВт); босату шнегін жұмыстық қалпынан транснорттық қалпына және керісінше ауыстыратын гидро-механизм; шанақтағы астықты шапшаң босататын (2 т/мин) ме-ханизмдер; босату шнегінің тәуелсіз жетекке келуі; қалбағайды көлденең ауыстыратын гидромеханизм; кабинасын бөлшектемей-ақ комбайнды төмір жолмен тасу мүмкіндігі; түнде жұмыс істегенде қосымша жарық беру; сабаны ұзын және жатып қалған астықты шаба алатындай етіп жатканы жетілдіру; комбайн құрамына жаткаға арналған тасымал арбашық тіркеу; бөлшектеп арбашыққа қысқа уақытта (10—20 мин) қондыратындай етіп жатканы жетілдіру; әр түрлі автоматты тетіктер мен бақылау приборларын қолдану (молотилканы біркелкі тиейтін автомат; шығынды бақылайтын прибор; жүргізу автоматы; дыбыс және жарық сигнализаторлары, комбайн механизмдерінің ақаусыз жұмыс істеуі т. б.)

Конструкторлардың ең басты мақсаты — комбайндардьщ габа-риті мен массасын шамалы ғана арттырып, өнімділігін жоғарылату. Ал мұны қазіргі жұмыс органдары бойынша жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан бастыру, айыру және тазарту сияқты мүлде жаңа технологиялық процестер іздестірілуде, тек сонда ғана комбайндардың өнімділігін барынша арттыруға толық мүмкіндік туады.

Өсімдік шаруашылығын комплексті механикаландыруға арналған 1976—1980 жылдардағы машиналар жүйесінде оныншы бес-жылдықта өздігінен жүретін комбайндардьщ, сондай-ақ дестелеуіш жаткалардың бірқатар жаңа түрлерін шығару белгіленген, олар мыналар: өнімділігі 10—12 кг/сек комбайн (двигателі 200— 220 ат күшіне тең немесе 147,2—162 кВт және шанағыньщ сыйымдылығы 6 м3); өнімділігі 9 кг/сек. “Нивадан” құрастырылған “Колос” комбайны (двигателі 200—220 ат күшіне тең нбмесе 147,2— 162 кВт және бір секциялы шанағының сыйымдылығы 4,5 м3); алымы 10 м реверсивті дестелеуіш жатка, ол ұзындығы 20 м шалғы жолындағы қосқабат дестені жинай алады; алым ені 5 м, өздігінен жүретін күріш жинайтын дестелеуіш жатка т. б.

§ 21. “Нива” мен “Колос” комбайндарының

← Предыдущая страница | Следующая страница →