Поделиться Поделиться

Шпайтын сыр-бояу өнімдерінің бөлінуі. Ұшпайтын сыр-бояу өнімдерінің қасиеттерін зерттеу.

Қажетті реактивтер:еріткішті айдағаннан кейін алынған қатты, кептірілген сыр-бояу материалының үлгісі, спирт-бензол қоспасы, 0,1 н және 0,5 н КОН –тың спиртті ерітіндісі, 0,5 н НСl, фенолфталеиннің 1 %-дық спирттегі ерітіндісі, жаңадан қыздырылған калий бромидінің ұнтағы.

Керекті құралдар мен ыдыстар: 50 мл-лік конус тәріздес колбалар, 25 мл-лік өлшегіш цилиндр, кері тоңазытқышпен қыздыруға арналған колба, термометр, май моншасы.

Құрал-жабдықтар: ИҚ-спетрометр.

Қышқылдық саны мен сабындану санын анықтау.Қышқыл саны 1 г шайырда табылатын, бос қышқылды бейтараптау үшін қажетті КОН-тың миллиграмм санымен өрнектеледі.

Сабындану саны 1 г май құрамындағы бос және байланысқан барлық қышқылды нейтралдау үшін қажетті миллиграмм санын көрсетеді.

Бейтарап шайырдың сабындануына қажетті КОН-тың миллиграмм санына бағытталған сабындану саны мен қышқыл саны арасындағы айырмашылықты эфир саны деп атайды.

Қышқыл санын анықтау үшін 1,5 – 2 г ұнтақталған шайыр өлшендісін 25 мл спирт және бензолдың (1:1) бейтарап қоспасында 0,5 н КОН-тың спиртті ерітіндісімен титрлейді. Қышқыл саны мына формула арқылы есептеледі:

Шпайтын сыр-бояу өнімдерінің бөлінуі. Ұшпайтын сыр-бояу өнімдерінің қасиеттерін зерттеу. - Инвестирование - 1

мұндағы, а - титрлеуге кеткен КОН көлемі, мл; F - 0,5 н КОН титріне келтіру коэффициенті; g - шайыр өлшендісі, г; 28 - 1 мл 0,5 н КОН-тағы КОН санын (мг) көрсететін коэффициент.

Қышқыл санын анықтағанда алынған ерітіндінің сабындану санын анықтау үшін 0,5 н КОН-тың спиртті ерітіндісін 30 мл-ге дейін қосады, содан соң оны су моншасына кері тоңазытқышпен 30 мин, бойы қыздырады. Сол сәтте сілті қалдығын 0,5 н HCl ерітіндісімен кері титрлейді. Шайырдың екі үлгісімен қатар, құрамында барлық еріткіші бар, бірақ шайырсыз үшінші бақылау үлгісін қояды. Сабындану санын мына формула бойынша анықтайды:

Шпайтын сыр-бояу өнімдерінің бөлінуі. Ұшпайтын сыр-бояу өнімдерінің қасиеттерін зерттеу. - Инвестирование - 2

мұндағы, а - бақылау үлгісіндегі сілті қалдығын кері титрлеуге кеткен HCl көлемі, мл; b - шайыр үлгісіндегі сілті қалдығын кері титрлеуге кеткен HCl көлемі, мл; F - 0,5 н КОН титріне келтіру коэффициенті; g - шайыр өлшендісі, г; 28 - 1 мл 0,5 н КОН-тағы КОН санын (мг) көрсететін коэффициент.

Эмаль өндірісі технологиялық процесстерінің негізгі операциялары. Өндірістің технологиялық схемасын божамда (сипатта).

Пигменттелген материалдарды бір және екі фазалы сұйық үлдіртүзгіш жүйелердің негізінде дайындайды. Біріншісіне органикалық еріткіштердегі олигомерлер ерітінділері (полимерлер), олифтер және табиғи қосылыстардың ерітінділері (целлюлоза эфирлері, шайырлар, битумдар) жатады. Екіншісіне – полимерлердің сулы және органодисперсиялары (органозольдер мен пластизольдер) жатады.

Эмальдар өндірісі

Эмальдарды олигомерлердің (полимер) органикалық еріткіштердегі ерітінділерін пигменттеумен алады. Олар қорғау және декоративті қасиетті орындайтын, сыр-бояу жабындысының сыртқы беткі қабатты дайындау үшін қолданылады.

Эмальдардың өндіру технологиялық процесінің негізгі операцияларына жатады: пигменттерді (толықтырғыштар) олигомер (полимер) ерітіндісімен араластыру, яғни пигменттелген пастаны дайындау; пигментті пастаны диспергілеу; эмальды құру; эмальды тазалау және бөлу.

Шпайтын сыр-бояу өнімдерінің бөлінуі. Ұшпайтын сыр-бояу өнімдерінің қасиеттерін зерттеу. - Инвестирование - 3

1 - Бірпигментті паста әдісімен түсті эмальдарды үздіксіз өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы:

1-3 - Бисерлі диспергаторлар; 4-6 - дисольверлер; 7-9 - бункерлер; 10-12 –шнекті дозаторлар; 13-15, 21 - дозаланған агрегаттар; 16-18 - жиналғыштар; 20 - араластырғыш; 19-23 - насос; 22 - фильтр.

Шпайтын сыр-бояу өнімдерінің бөлінуі. Ұшпайтын сыр-бояу өнімдерінің қасиеттерін зерттеу. - Инвестирование - 4

2 – Ақ базалы эмаль әдісімен түсті эмальдарды үздіксіз өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы:

1-үздіксіз жұмыс істейтін дисольвер; 2 - бункер; 3- шнекті дозатор; 4-14 - дозаланған агрегаттар; 5 - қыздырғыштар; 6, 8, 16 - насостар; 7 - Бисерлі диспергатор; 9, 13 - араластырғыш; 10 – дозаланған насос; 11, 15 – фильтрлер; 12 – жиналғыштар.

← Предыдущая страница | Следующая страница →