Поделиться Поделиться

ДІНТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

Апта № Сабақтың тақырыбы Академ-қ сағат саны Әдебиеттер:
Күндізгі  
    Діннің генезисі мен ерекшеліктері     1,5 1. 8-11 бб. 2. 8-22 бб.
№ 1 сабақ. Тақырыбы: Дінтанудың пәні және мазмұны. 1. Діннің анықтамасы және оның мәні. 2. Діннің құрылымы меннегізгіэлементтері. 3. Діннің қоғам өмірінде алатын орны мен атқаратын қызметтері. Дін және зайырлы мемлекет. 4. Діннің жіктелуі: тарихи типтері мен түрлері.
№ 2 сабақ. Тақырыбы: Алғашқы діни наным-сенімдер. 1. Діннің пайда болуы туралы ғылыми теориялар. 2. Фетишизм және тотемизм. 3. Анимизм және магия. Магияның түрлері 4. Шамандық және оның ежелгі қазақтардағы көрінісі – бақсылық. 5. Мифтік сана және ежелгі заманғы діни түсініктер. 1,5 1. 11-15 бб. 2. 23-35 бб.  
    Алғашқы өркениеттер діні     1,5 1. 15-17 бб. 2. 36-60 бб.
№ 3 сабақ. Тақырыбы: Ежелгі заманның діни жүйелері. 1. Ежелгі Египет діні. 2. Ежелгі Месопотамиядағы діндер. 3. Ежелгі Грекия діні. 4. Ежелгі Рим діні.
    № 4 сабақ. Тақырыбы: Ежелгі Шығыс елдерінің тарихи діндері. 1. Үндістанның ежелгі діні – брахманизм. 2. Ежелгі парсы еліндегі Заратуштра діні. 3. Ежелгі түркілердің діни дүниетанымы – тәңіршілдік. 1,5 1. 17-21 бб. 2. 60-66; 78-82 бб.  
    Ұлттық діндер     1,5 1.60- 91 бб.  
№ 5 сабақ. Тақырыбы: Ұлттық діндер және олардың түрлері. 1. Үндістандағы ұлттық діндер – индуизм және сикхизм. 2. Қытайдағы ұлттық діндер: конфуцийшылдық және даосизм. 3. Жапондардың ұлттық діні - синтоизм 4. Еврейлердің ұлттық діні – иудаизм.
    Әлемдік діндер     1,5 1. 23-32 бб. 2. 93-104 бб.    
№ 6 сабақ. Тақырыбы: Буддизм діні және негізгі бағыттары. 1. Буддизм дінінің пайда болуы: Будданың өмірі. 2. Буддизм діни ілімінің негіздері: төрт ізгілікті ақиқат және азаптан құтылудың сегіздік жолы. 3. Буддизм дінінің негізгі бағыттары: хинаяна және махаяна. 4. Қазіргі заманғы буддизмдегі негізгі ағымдар: ламаизм, чань-буддизм және дзэн-буддизм мектептері.
№ 7 сабақ. Тақырыбы: Христиан дінінің пайда болу және жікке бөліну тарихы. 1. Христиан дінінің пайда болуы. Иисус Христостың өмірі. 2. Христиан дінінің таралуы және мемлекеттік дінге айналуы. 3. Христиан дінінің жікке бөлінуі және негізгі бағыттарының қалыптасуы. 1,5 1.32-41 бб. 2.105-128 бб.  
№ 8 сабақ. Тақырыбы: Христиан діни ілімі және рәсімдері мен жоралары. 1. Христиан дінінің қасиетті кітабы – Библия және оның құрамы. 2. Христиан дінінің негізгі догматтары. 3. Христиан дінінің негізгі рәсімдері мен жоралары. Жеті жасырын сыр (құпия). 4. Христиан дінінің басты мейрамдары. 1,5 1.32-41 бб. 2.105-128 бб.  
№ 9 сабақ. Тақырыбы: Христиан дінінің негізгі бағыттары. Православие діні. 1. Православие дінінің ерекшелігі және ондағы басты шіркеулер. 2. Православие дініндегі ғибадат ету ерекшеліктері. 3. Орыс православие шіркеуі және оның тарихы. 1,5 1.32-41 бб. 2.112-116 бб.
№ 10 сабақ. Тақырыбы: Католик діні және оның ерекшеліктері. 1. Католик шіркеуі және оның дін ілімінің ерекшеліктері. 2. Католик шіркеуіндегі монах ордендері. 3. Католик шіркеуінің орта ғасырларда жүргізген саясаты. Крест жорықтары және инквизиция. 4. Қазіргі заманғы католик шіркеуі және оның құрылымы. 1,5 1.32-41 бб. 2.117-119 бб.  
№ 11 сабақ. Тақырыбы: Протестантизм діні және оның негізгі ағымдары. 1. Реформация қозғалысы және протестантизм дінінің пайда болуы. 2. Протестантизм дінінің негізгі шіркеулері. 3. Протестантизм дінінің екінші буын шіркеулері мен секталары. 4. Қазіргі заманғы христиан дінінің жағдайы. 1,5 1.32-41 бб. 2.119-128 бб.    
№ 12 сабақ. Тақырыбы: Ислам дінінің пайда болу және таралу тарихы. 1. Ислам дінінің пайда болуының тарихи алғы шарттары. 2. Мұхаммед пайғамбардың өмірі. 3. Алғашқы төрт халифа тұсындағы ислам дінінің таралуы. 4. Омейядтар және Аббасидтер халифаты тұсындағы ислам дінінің тарихы. 1,5 1.41-45 бб. 2.129-152 бб.    
№ 13 сабақ. Тақырыбы: Ислам дін ілімінің негіздері. 1. Ислам дінінің бес парызы және олардың мәні. 2. Ислам дінінің сенім негіздері (догматтары). 3. Ислам дінінің қасиетті кітабы - Құран және хадистер жинағы – Сунна. 4. Шариғат және оның бастаулары. 1,5 1. 41-45 бб. 2. 129-146; 153-159 бб.
№ 14 сабақ. Тақырыбы: Ислам дінінің мейрамдары мен рәсімдері. 1. Ислам дінінің мейрамдары мен қасиетті күндері. 2. Ислам дініндегі неке салттары мен құрбандық шалу дәстүрі. 3. Ислам дініндегі жаназа рәсімдері мен басқа да салт-жоралар. 4. Ислам дініндегі джиһад ұғымы. 1,5 1. 41-45 бб. 2. 129-159; 176-190 бб.
№ 15 сабақ. Тақырыбы: Ислам дінінің негізгі бағыттары мен мазхабтары. 1. Ислам дініндегі жікке бөліну: суниттер, шииттер, хариджиттер. 2. Ислам дініндегі негізгі мазһабтар. 3. Ислам дініндегі сопылық ілімі және оның негізгі ұстанымдары. 4. Сопылық ілімнің қазақ жерінде таралуы. 1,5 1.41-45 бб. 2.160-179 бб.    
    Қазақстандағы ислам   1,5 2.191-195; 196-226 бб.  
№ 16 сабақ. Тақырыбы: Қазақстандағы ислам дінінің таралуы және қазіргі жағдайы. 1. Ислам дінінің қазақ жерінде таралуының бастапқы кезеңі. 2. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ислам дінінің рөлі мен маңызы. 3. Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі қоғамдық өміріндегі ислам дінінің алатын орны. 4. Кеңес дәуірі кезіндегі ислам дінінің жағдайы. 5. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ислам діні.
№ 17 сабақ. Тақырыбы: Қазіргі заманғы діни радикалды ағымдар және олардың діни ілімдерінің ерекшеліктері. 1. Деструктивті (радикалдық) діни ағымдардың сипаттары. 2. Уаххабилік ағым және оның ерекшеліктері. 3. Қазіргі заманғы сәләфилер ағымы және оның ұстанымдары. 4. Жастар мен студенттердің діни сауатының төмендігі – олардың радикалдық ағымдарға тартылуының негізі. 1,5 1. 46-57; 135- 162-171 бб.  
№ 18 сабақ. Тақырыбы: Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымдар және олардың саяси мақсаты. 1. Экстремизм және терроризм ұғымдары. Діни экстремизмнің ерекшеліктері. 2. Қазақстандағы діни экстремистік және террористік әрекеттер, олармен күрес. 3. Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымдар және олардың сипаттамалары. 4. «Таблиғи жамағат» (дағуатшылдар) және «Жамағат-ут Такфир» ұйымдары және олардың қоғамдық қауіптілігі. 1,5 1. 96-109 бб.
№ 19 сабақ. Тақырыбы: Қазақстанда таралған дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес діни ағымдар. 1. Қазақстан жеріндегі христиан дінінің тарихы. 2. Қазіргі Қазақстандағы православие шіркеуі. 3. Қазіргі Қазақстандағы католик шіркеуі мен протестантизм. 4. Қазіргі Қазақстандағы жаңа дәстүрлі емес діни ағымдар. 1,5 1. 54-57; 111-126; 153-161 бб.  
№ 20 сабақ. Тақырыбы: Қазақстан Республикасының дін туралы жаңа заңы және дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты. 1. Діни сенім және ар-ождан бостандығы туралы түсінік, оның құқықтық қамтамасыз етілуі. 2. Қазақстандағы дін жөніндегі мемлекеттік саясат және ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы. 3. Қазіргі Қазақстандағы конфессияаралық келісім және дінаралық диалог. 4. Қазақстан Республикасының дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты. 1,5   1. 75-95 бб.  
← Предыдущая страница | Следующая страница →