Поделиться Поделиться

Музыкадағы динамика мен агогика

Динамика [1] (гр. dуnamіs – күш) – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары. Классикалық механиканың бөлімі.

Релятивистік динамика - механиканың, жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығына жақын, дененің қозғалысын оқып- зерттейтін бөлімі.[2]

Кедейшілік динамикасы

Кедейшілік динамикасы - кедейшілік деңгейінің уақыт мерзімінде өзгеруі.[3]

Оғамның динамикасы

Қоғамның динамикасы - үлкен әлеуметтік топтарды қамтитын және қоғамның әлеуметтік құрылымында немесе әлеуметтік жүйесінде бейнеленетін әртүрлі өзгерістер, айналулар, ауысулар, үрдістер және т.б.[3]

Леуметтік институттардың динамикасы

Әлеуметтік институттардың динамикасы -

  • а) туу сәтінен жоғалу сәтіне дейінгі институттың өмірлік циклы;
  • б) кемелденген институттың қызмет атқаруы, яғни анық және жасырын функциялардың орындалуы, дисфункциялардың пайда болуы және оларды жою;
  • в) институттың эволюциясы - тарихи мерзімдегі түрлер мен мазмұндардың өзгеруі, жаңа функциялардың пайда болуы және ескілердің жоғалуы.[3]

Музыкада

Музыкалық шығармадағы үннің күші мен қаттылығының әр түрлі деңгейі. Динамиканың түрлері италиялықтар тілінде белгіленеді. Дауыс күшінің бірте-бірте өрлеуі, бірте-бірте әлсіреуі - динамикаға акценттің түрлері де жатады.

Агогика– негiзгi екпiннен шамалы ауытқу (баяулата неме

се

жылдамдата).

Ноталық жазуды қысқарту белгілері

Нота жазуы, нотация(лат. notatio - жазу, белгі) - музыканы жазу үшін қолданылатын графикалық белгілер жүйесі. Нота жазуы көне заманда әріптік және невмалық нотация түрінде (сызықшалар, нүктелер, үтірлер, т.б.) болды. Ежелгі Грекияда дыбысты белгілеу үшін әріптік жүйе қолданылды. Бұл жүйе дыбыс жоғарылығын ғана көрсетіп, оның ұзақтығын көрсете алмады. Сондықтан бұл нотаңия 10 ғасырға дейін яғни диатоник. гамманың ноталарын латын әрпімен белгілегенше сақталып келді. Орта ғасырда музыканы ерекше белгілермен (невмалар) жазу тәсілінің кеңінен тарауы нота жазуының дамуында ерекше роль атқарды. Кейіннін дыбыс жоғарылығын дәлме-дәл көрсету үшін көлденең сызықтарды пайдалана бастады. 11 ғасырда итальян музыка теоретигі Гвидо д'Ареңгер 4 сызықты нота жүйесін қолданды. Сызықтардың басына дыбыстардың жоғарылығын айқындайтын әріптік белгілерді орналастырды; бұл әріп-белгілер осы күнгі музыка кілттердің нұсқасы еді. 14 ғасырда нота жазуына 5-сызық қосылып, невмалық белгілер невмалық белгілердің орнын төртбұрышты бүркеншігі бар ноталар қолданылды. Григориандық хоралды жазуда кеңінен қолданылған бұл жүйе хоралдық нотаңия деп аталды. Бұдан кейінгі кезеңде дыбыстың жоғарылығымен қатар оның үзақтығының де көрсететін жүйе мен зуралық нотация пайда болды. Ресейде 5 сызықты нота жүйесі 16 ғасырдың басында Киевте, 17 ғасырда Мәскеуде пайда болды. 18 ғасырға дейін аспаптық музыканы нотаға түсіру үшін табулатура деп аталатын цифрлық бас қолданылды. Өзінің өте қысқа түрде белгілеу қасиетіне байланысты әріптік нота жазуы музыка-теор. еңбектерде әлі күнге дейін қолданылады. Нотанядағы әріптік әдіс белгілі бір өз-герістермен Үндістанда қазір де қолданылады. Нота жазуындағы цифрлық жүйе халық аспаптарына (балалайка, домбыра, т.б.) арналған әдебиеттерде қолданылады. Сокыр адамдар үшін де нота жазуы бар. Нота жазуында қысқарту белгілері қолданылады.[1]

56,Ансамбль. Аккорд. Акколада.

Ансамбль (фр. ensemble – тұтастық), архитектурада – көркемдігі, әсемдігі, сәулетшілік нақышы қоршаған ортамен жарасымды тұтастық тапқан ғимараттар тобы.

Ансамбль(франц. ensemble — бірге) — сәулет өнерінде біртұтас сәулет композициясын құрайтын ғимараттар тобын орналастырудағы үйлесімді, жете ойластырылған жарастық, тұтастықты білдіретін ұғым.

Аккорд(латынша Accordo – үйлесімдік) биіктігі әр-түрлі бірнеше, үштен кем емес, дыбыстардың бір уақытта қосыла орындалуы. Аккордтың жиі кездесетін түрлерінің арақашықтығы терциялық дыбыстарды құрайды. Олар үш дыбыстық, септаккорд, нонаккорд, тағы басқа болып бөлінеді

57 төкпе дәстүрі .

Күйшілік дәстүр. Төкпе күй табиғаты, оның тараған аймағы мен стильдік көркемдік ерекшеліктері. Шертпе күй дәстүрі, оның жанрлық-көркемдік ерекшеліктері

Дәстүрлі аспаптық музыка және күйшілік өнер қазақтың халықтық музыка мәдениетінің қос қанаты іспеттес. Қаншама ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып келе жатқан күйшілік өнер, әсіресе бүгінгі күнге дейін шашау шықпай бізге жеткен домбыра мен қобызда орындалатын күйлер - дүние жүзінде теңдесі жоқ асыл қазына, ерекше құбылыс. Әр дәуірде ғұмыр кешкен күйшілік өнердің тарлан жүйріктері мен жансыз дүниеге жан бітіріп, тілін бұлбұлша сайратқан дүлдүлдері қаншама, орындаушылық өнердің сан тарау мектептері қаншама!

Домбыра мен қобызға арнап шығармалар жазған халық композиторларын, ұлттык дәстүрді әрі қарай дамытып, аспаптық музыка саласында айтулы еңбектерімен танылған Қазақстан композиторлары. Осыдан соң дәстүрлі күйшілік өнер мектептерін саралай келе Құрманғазы, Дәу-леткерей, Тәттімбет, Абыл, Ықылас, Қазанғап, Дина күйлері.

Мысалға, еуелі Құрманғазы күйшілігі мен күйлеріне шолу жасай келіп, «Сарыарқа» күйіне тоқталсақ. Неше рет жер аударылып, Сібір түрмелеріне қамалып, аяғына кісен салынып, «Кісен ашқан», «Түрмеден кашқан» күйлерін шығарған Құрманғазы «бірде түрмеден қашып келе жатып, Арқа, Алатауды басып өтіп, өз еліне жеткен екен, «Сарыарқа», «Алатау» күйлерін сол жерлерде жол-жөне-кей қона-түней жүрген кездерінде шығарыпты» деген әңгімелер бар. Сол әңгіме желісі бойынша Құрманғазы бір түрмеден қашқан жолында Арқадағы атақты күйші Тәттімбетке соғып, күй тартысып, сауық-сайран құрып, ұзақ күндер қадірлі қонағы болыпты. Сонда Тәттімбеттің сый-сияпатына риза болған Құрманғазы Тәттімбетке «Сізге арнаған сыйым болсын» деп осы «Сарыарқа» күйін шығарып, тарту етіпті дейді. «Сарыарқа» күйіне айызы қанып, рақат-танған Тәттімбет, «ендеше мен де саған бір күй арнайын» деп «Көкейкесті» күйін Құрманғазыға арнаған екен. Осыдан соң Тәттімбет Құрманғазының астына жарау ат мінгізіп, жанына жүз қаралы жігіт ертіп, жүз шақырымдай жерге шығартып салдырған екен деседі.

Ал енді «Сарыарқа» күйінің өзіне келетін болсақ, бұл күй тек Құрманғазының ғана емес, жалпы қазақтын ұлттық топырағында туған аспаптық музыкамыздың асқаралы шыңы деуге болады. Сондықтан да Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі барлық концерттерін осы күймен аяқтап отырады. Оркестрде осындай жайдың қалыптасуына ықпал еткен қалың көпшілік көрермен қауымның өзі. Себебі, әйгілі Құрманғазы атындағы оркестр концерттерінің бірде-бірінде көпшілік оркестрді «Сарыарқа» күйін орындатпай сахнадан жібермейді, «Сарыарқа» деп залдың әр тұсынан дауыстай қол шапалақтап отырып алатын болған.

1950 - 1956 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы оркестр гастрольдік сапармен Қытай халық республикасына бірнеше рет барып, концерттері жоғары бағаланып, үлкен шығармашылық жеңіске жетті. Қытай жерінде өткен сондай алғашқы концерттерінің бірінде «Сарыарқа» күйі орын-далғанда зал толы жұрт түгелдей орындарынан түрегеліп тұрып тыңдапты. Осы жайға куә болғандардың айтуынша тыңдарман көпшілік кауымның күй басталғаннан-ақ орындарынан ұшып тұруы оны біздің ұлттык әнұранымыз екен деп түсінгендіктерінен болса керек. Міне, күй құдіреті осындай.

Расында да әрі шаттық-қуанышты, әрі жігерлі, фанфармен бір тосын алапат күшті сездіретіндей «Сарыарқа» күйінің кіріспесінің өзі кім-кімді де елең еткізетіндей әсерлі естіледі. Күй үздіксіз алға ұмтылған қуаттылығымен қазақтың дүбірлі кең даласының бүкіл тіршілік-тынысын, елдігі мен еркіндігін, қайтпас қайсарлығы мен ерлігін, құдіретті жойқын күшін танытқандай. Күй толассыз ілгері ұмтылуы арқылы дала төсінде кеудесін желге қарсы тосып, ат құлағында ойнап, құйғыта құйындатып шапқан, ертеңіне сеніммен бет түзеген, өмірсүйгіш қазақтың батырлық мінезінің образын бергендей болады. Былайынша жайбарақат жатқан жомарт тірлікті қазақтың сары даласында тынымсыз өмір өтіп жатқанын және ол халқымыздың елдігі, ар, намыс, абыройы үшін, өмір үшін күреспен өтіп жатқанын білдіретіндей.

Күйдің осынау арындаған алаулы екпіні сарынынан тек ат шабыс, жігер, күрестерді ғана емес, түйдектелген дыбыстар қатарынан сезімге сәуле түсірер лирикалық әуен нышандарын да байқауға болады (нотамен мысалдар келтіре отырып, осы тұста музыкалық талдау жасау қажет).

Бұл күйдің қорытынды бөлігі де (кодасы) ерекше. Мұндағы тақырыпты қорытындылау, түйіндеу тұсында автор бұрын кездеспеген әдіс-амалдарды қолданады. Құрманғазы - «Сарыарқа» күйі арқылы күй құрылысына үлкен жаңалықтар ендіріп, оны орындаушылық ерекшеліктерге де езгерістер әкеліп, жалпы ұлт аспаптық музыкамыздың одан әрі дамуына зор үлес қосқан адам.

Ал Дәулеткерей 1821 жылдар шамасында бұрынғы Бөкей ордасындағы Қарамола деген жерде дүниеге келген. Ол Құрманғазыдай кедей табынан емес, белгілі төрелер тұқымынан. Әкесі Шығай сұлтан ауқатты адам болған. Шығай Дөулеткерейді Бөкей хандығының қол астындагы ел-жұртты билеп-төстеуші ұлық-әкім болады деп үміттенгенімен Дәулеткереіі әр кездері билік жұмысымен айдалысқаны болмаса, оның таңдаған жолы мүлде басқаша, күйшілік өнер жолы еді.

Дәулеткерейдің күйшілік бағыт-бағдары да, қолтаңбасы да Құрманғазыдан өзгеше. Бірақ екі ұлы күйшінің бірін-бірі жақсы білгені, күйшілік өнерде бір-біріне әсер еткені анық. Мысалы, Құрманғазы мен Дәулеткерей бір кездескенінде екеуі күй тартысып отырып, Дәулеткерей өзінің «Бұлбұл» күйін тартады. Сонда Құрманғазы: «Ал енді сен менің «Бұлбұлымды» тыңдап көр», - деп өз күйін тартады. Құрманғазы күйін тартып болғаннан кейін Дәулеткерей сүйсініп: «Оу, мынауыңыз «Бұлбұл» емес, «Бұлбұлдың құрғыры» ғой депті. Сөйтіп, Құрманғазы сондағы тартқан күй күні бүгін де «Бұлбұлдың құрғыры» аталады.

Жалпы Дәулеткерей - өнер ұлағатымен Бапас атанып, «төре күйлері», «төре тартыс» деген атауларға өзіндік із салып, өзгеше дәстүрді қалыптастырған ұлы күйші-композиторлардың бірі. Сондықтан да оның күйлерінің құрылұсы, тақырып мазмүны мен образдық өрнектері өзгеше бо-лып келеді.

Мысалы, Дәулеткерейдің «Жігер» аталатын күйі - күйшінің; халық тағдырын ойлап, сол кездегі қогамдық-әлеуметтік жағдайға, отаршылдық саясатқа қарсы қыр көрсете наразылық білдіруі, тіпті өзі өскен сұлтандық ортаға да қырын қабақ танытқандай философиялық ойын білдіретін Дәулет-керей шығармашылығындағы ең шоқтығы биік туынды.

← Предыдущая страница | Следующая страница →