Поделиться Поделиться

Тәрбие принциптері мен әдістері

Тәрбие принциптері - тәрбие субъектілерін қарым-қатынасын, тәрбиенің жалпы бағытын, әдістері мен мазмұның анықтаушы негізгі идеялар.Тәрбие принциптері:

- тұлғалық бағыт;

- тәрбиенің жеке тұлғалық және қоғамдық бағыттарының бірлігі;

- тәрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық;

- тәрбиеде ұнамды өнегені пайдалану;

- тәрбиелік ықпалдар бірлігі мен үздікіздігі туралы,

- ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;

Тәрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі тәрбиеленушілердің жас және жеке дара ерекшеліктері негізінде іске асырылады. Бұл принцип арнайы мектептегі тәрбиешінің алдына келесі талаптарды орындауға мойындайды:

- жеке тұлғалық ерекшеліктерін, мінез-құлқысындағы өзгешіліктер, өмірге деген көзқарасы, әдеттерін үздіксіз зерттеу, ескеру;

- тәрбиені диагностикалау мен қатар тұлғалық қасиеттерінің даму ерекшеліктерін анықтау;

- тұлғалық жағымды қасиеттердің дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сәйкес біртіндеп тәрбиелік әрекеттерге қатыстыру;

- тәрбиелік мақстарға қол жеткізуге кедергі болатын себептердің алдын алу және қажетті өзгерістерді енгізу;

-тәрбиені тұлғаның өзіндік тәрбиесімен ұштастыру, тәрбие әдстері мен ұйымдастыру түрлерін таңдауға көмектесу.

Тәрбиенің жеке түлғалық және қоғамдық бағыттарының бірлігі. Бұл принцип әулеттегі тәрбиенің мемлекеттік тәрбиелік стратегиясына сәйкес орындауға және әлеуметтік үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Егер мемлекет жэне коғам мүдделері сәйкес келсе, азаматтардың жеке мүдделерімен үйлесімді болса, онда тәрбие мақсаттары мен міндеттерінің саласында өзіне тиісті орын алады. Бұл принцип мүмкіндіктері шектеулі бала тұлғасына кұрмет көрсету мен намысына жағымсыз әсер тигізбеуді талап етеді. Арнайы білім беруде оқыту, тэрбие немесе түзету әлде диагностикалық жұмыс болсын, мамандар мүмкіндіктері шектеулі бала тұлғасын (дамуындагы кемістіктің теренділігі мен күрделігіне қарамастан) сыйлау мен құрметтеуге тиіс.

Тәрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі арнайы мектеп үшін маңызды. Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс әрекетімен, қоғамдық және еңбектік қатынастарға келуімен тікелей тэуелді байланыста. Тең құкыкты мүше ретінде еңбек эрекетіне катыса отырып, арнайы мектеп окушысы адамгершілікке баулынады, рухани және тәндік дамуға келеді, еңбектің қоғамдық мәнді сеп-түрткілерін ажырататын болады, өзінің моральдық сапа-қасиеттерін бекітеді, жетілдіреді. Осы принципті жүзеге асыру арнайы мектеп оқушыларын толыққанды, еркін өмірге, мамандыкты саналы тандауға, кәсіби еңбекке толық дайыдаудың шынайы алғы шартын жасайды. Арнайы мектепте бұл бағытта әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, еңбек арқылы оналту, арнайы түзсту сабақтары өтеді.

Тәрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі. Педагогтар тіпті тәрбиесі жетімсіз балалар мінезінен де ұнамды бітістер тауып, оларды тәрбие мақсатына орай баска қасиеттерін қалыптастыра алады. Баланың ұнамды сапалары (мейірімділік, кайырымдылық,ықыластык, жомарттык т.б.) келеңсіз қасиеттермен (уәдесіздік, өтірік айту, еріншектік т.б.) бірге жүреді. Сондықтан тәрбиенің міндеті колайлы әдістерді пайдалана болымды қасиеттерді молынша көбейтіп, кері қасиеттерді мүмкіндігінше жою, азайту, түзету.

Тәрбиелік ықпалдар бірлігі мен үздіксіздігі туралы принцип. Бала тәрбиесіне қатысты ықпалдардың барлығын (отбасы, мектеп, мүмкіндіктері шектеулі бала даму мен кұқыктары жайлы мэселемен айналысатын қогамдык мекемелер мен ұйымдар, басқа үлгідегі арнайы білім беру ұйымдар, жалпы кауым) бірлікті іске косып, тәрбиеленушілерге өзара үйлестіріліп, келісілген талаптардың бір бағытта орындауын қадагалауды білдіреді. Дамуында кемістігі бар баланы отбасында тәрбиелеуде, ата-аналары көп жағдайда шектен тыс еркелетіп, қоршаған ортадан шектейді. Бұл жағдай тәрбиешілердің талаптарымен келіспейді бала тәрбиесіне жағымсыз әсерін тигізеді. Сонымен қатар, кемтар балалар отбасында тәрбиесіз калу жагдайлары да кездеседі, ата-аналары ішімдікке немесе нашақорлыққа салынып балаға ешқандай көңіл бөлмейді. Мұндай жағдайлар дамуы өзі ауытқушылыққа ұшыраған баланың тұлғалық қалыптасуы мен дұрыс мінез-кұлқысы мен әдеттерін тәрбиелеуге үлкен кедергі жасайды, тэрбиешілердің жұмысын қиындатады. Педагогикалык ыкпалдардың жүйсіздігі, бейтараптылығы мен ретсіздігі тэрбие мақсатына үзілді қарама-қайшы келеді.

Тәрбие көп адамдардың қатысуымен жүретін ұзақ мерзімді әрекет. Сондықтан олардың жұмыстарында тізектестік пен ұласымдылықтын сақталуы, оқушылардың тәрбиелік дәрежесінің дер кезінде анықталуы аса маңызды. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сезім, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде болуы қажет.

Ұжымды және ұжым арқылы тәрбиелеу

Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі. Педагогика балалар мен жас өспірімдердің топтык жэне ұжымдық өмірін, олардың түлғалық рухани байлығының, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шартты деп қарайды. Тәрбие жүйесі ұжым болып ұйымдастырылған педагогикалық эрекетгі баскаларынан жоғары қояды. Бірлескен іс-эрекетте, орынды үйымдаскан ұжымда өзара тәуелді, жауапты қарым-катынастар пайда болады, баланың өз тәжірибесі мен ұжымда өмір сүру дағдылары, қоғамдық мәнінен ұжымшылдық сапалары қалыптасады.

Қазіргі педагогикалық теорияда тәрбие әдіс ұғымы толығымен әлі жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл жөнінде әр түрлі көз-қарастарды байқауға болады, мысалы: тәрбие әдісі -

1.Педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету;

2. Жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау;

3. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері.

Бұл анықтамалардың барлығын жинақтаса келесі қорытынды беруге болады, тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиетер қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптері мен мазмұнына, балалардың жас ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне және ең маңыздысы дамуындағы кемістікке тәуелді. Қазіргі педагогикада тәрбие әдістерінің 11 астам топтастырулар бар, олар түрлі көрсеткіштер негізінде әзірленген. Бір топтастыруда келтірсек, тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді.

Бірінші топ – тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі қарым-катынас, мінез-құлқында жағымды тәжірибе қалыптастыру әдістері: талап, пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік жағдаяттар.

Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік әрекетке қатыстыруды білдіреді. Талапты ынталандыру және тежелдету жағдайлары бар. Ынталандыру - жұмысты бастау мен аяқтау. Тежелдету -басқа адамдардың жұмысына кесел келтіру, жұмысты тоқтату.

Қоғам пікірі - бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап накты міндет, оны іс әрекет арқылы орындау қажет. Ұжым мүшелерінің пайымдау, баға беру - бұл қоғам пікірі, ұжым еркі және күші. Ұжым тәрбие субъектісі , педагогтің тірегі.

Үйрету мен жаттыктыру - бұл мінез құлық нормасына сәйкес окушыларда қажетті дағды, әдетті тәсілдіру. Әр тәрбие үйретуден басталады. мысалы: баланың мезгілмен ұйқыға жатуы мен, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы. Үйрету әдісі баланын ұкыптылық, инабаттылык, мұкияттылық сияқты касиеттерін калыптастырады. Бала өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашкы маңызын жойып,басқа әдістермен бірігеді, мысалы жаттықгыру әдісімен.

Жаттыктыру бұл әдіс түрлі жағдайларда оқушылардың адамгершілік қасиеттерін калыптастыру үшін арнайы тапсырмалрды орындау арқылы жүреді. Жаттыктыру әдісі ұжымның мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез келген тәрбиелік шараларды ұжымда бір мезгілде бастау, оқушыларды тәртіптілік пен ұйымшыл болуға үйретеді. Үйрету мен жаттықтыру нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма беру сияқты тәсілдер арқылы нәтижелі өтеді.

Тәрбиелік жағдаяттар жеке адамның жағымды қасиет пен қылықтарын калыптастыруына жаксы ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп аралығында жарыстар ұйымдастыру арқылы балаларды топқа бөліп, тәрбиелік жағдайға сәйкес тапсырма беру нәтиже тәрбиелік әрекет. Тәрбиелік жағдаяттар балаларда жағымды мінез-құлқысын тәрбиелеуге көп мүмкіндік береді.

Екінші топ - жеке адам санасын қалыптастыру әдістері: ұғындыру, пайымдау пікір айту, баға беру, сендіру. Бұл әдістер әнгіме мен әнгімелесу, өнеге және пікір талас арқылы тиімді жүреді және бала санасына ықпал жасауда маңызы зор.

Ұғындыру мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеуде аса нәтижелі әдістердің бірі. Баланы ұғындыру аркылы санасына әсер етіп, тэртіп пен әдет, ерік жүйесін дұрыс қалыптастыруға болады. Әрине баланы бір нәрсені дұрыс ұғып, түсіну үшін оған сөзбен барлығын түсіндіру қажет. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың көбісінде қоршаған орта туралы білімдері және өмірлік тәжірибесі жеткіліксіз, сонымен қатар таным эрекетінде ерекшеліктер болғандыктан жаксы жаман, әділет-әділетсіздік, шын-өтірік сияқты этикалық құбылыстарды дұрыс ұғып, өз тәжірибелерінде пайдалану тәрбие мақсаттарының бірі.

Пайымдау пікір айту - арнайы мектеп оқушылары үшін тиімді тәрбие әдісі. Оқушының қате жасаған қылығын көрсету, оны түзетуге бағыт беруді білдіреді. Пікір айту кеңес немесе өтініш арқылы жүреді. Балаға нені дұрыс жасамады, оны қалай түзету керек екенін тәрбиеші толық түсіндіруі тиіс.

Сендіру әдісі баланың сену сезімі арқылы тәрбиелік мақсаттарға қол жеткізеді. Сендіру - латын сөзі suggestion ықпал ету, сендіру аудармасынан шыкқан. Бала жастағы тұлғаны түрлі заттар мен жағдайларға сендіруге болады. Арнайы мектепке келген кезден бастап бала моральді ережелерге сәйкес өз тәртібін реттейді, олай болады, болмайды, рұқсат, рұқсат емес сияқты нұсқауларды орындай арқылы. Сондықтан бала бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сендіру әдісін пайдалана отырып тәрбиелеуге болады.

Пікір талас бұл жоғары сынып оқушыларының пайымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікір-таласқа қатысу арқылы оқушы такырып бойынша өз көзқарасын, ой-пікірін дәлелдейді. Сонымен қатар, басқаның пікірін тыңдауға, келісуге үйренеді.

Үшінші топ - мадақтау мен жазалау әдістері. Өткізілген тәрбиелік шарапар сапасы мен тиімділігін арттыру үшін мадақтау мен жазалау әдістері қолайлы болады.

Мадақтау тәрбиеленуші іс әрекеті мен мінез кұлқын жағымды белсенділікке ынталандырады. Егер бала өзінің жетістіктері мен ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта береді.

Жазалау әдісін пайдалану баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, теріс қылықтарын тежейді. Арнайы педагогика мүмкіндіктері шектеулі балаларды жазалау әдісін ұқыпты пайдалануды ескертеді. Дамуында кемістігі бар бала кез келген жағдайда нені дұрыс жасамағаның түсінбеді. Сондықтан жазалау әдісін тек бала жасаған қылығынын қателігін түсінгеніне сенімді болған кезде тәрбиеші пайдалануға құқылы. Жазалау әдісі баланың намысына тимей, денесіне ауыртпашылық тигізбеуі, дауыс көтермеу, талап етеді. Бұл жерде ерекше жағдай, жазалау әдісін жиі пайдалануға болмайтынын ұмытпау қажет. Баланы түрлі әрекеттерге қатыстыру, жағымды қарам-қатынастарға ынталандыру тиімдірек болады.

← Предыдущая страница | Следующая страница →