Поделиться Поделиться

Везикулярлық тыныстың бәсең естілуі.

Физиологиялық жағдайда кеуденің бұлшықеттері немесе тері асты май қабаты қалыңдағанда, тынысты ақырын алғанда бәсендейді. Пато

логиялық жағдайда везикулярлық тыныстың бәсеңдеуі өкпе эмфиземасында
(алвеолаларда ауаның мөлшерден артық шоғырланып, өкпенің жылжымалы лығы мен серпінділігі төмендегенде); обтурациялық ателектазда (бронх саңлауы ісікпен немесе бөгде зат түскенде бекітіледі); бронхопневмонияда; крупозды пневмонияның алғашқы сатысында (өкпе ұлпасы қабынып, алвео лалар қызметі бұзылады); плевра қалыңдағанда; кеуде қуысында бірікпелер қалыптасқанда; плевра қуысында ауа немесе сұйықтық пайда болғанда (гем оторакс, гидроторакс, экссудативті плеврит, пневмоторакс); тыныс жол дары ның саңлауы тарылганда (көмей, кеңірдек немесе бронхылардың тарылуы, ісінуі, түйілуі) байқалады. Везикул ярлық тыныстың бәсендеу себебі тек өкпе ұлпасынан ғана емес, басқа ағзалардың зақымдануымен де байланысты. Мысалы: кеуденің бұлшықеттері немесе нерв талшықтары қабынса, науқас
аяншақтап, ақырын дем алады, ал қабырға сынғанда немесе жарылған да ауырсыну салдарынан науқас үстіртін тыныс алатындықтан везику лярлы тыныс бәсең естіледі.

Везикулярлық тыныстың күшеюі.

Физиологиялық жағдайда везикулярлық тыныстың күшеюі ауыр жұмыс істеп немесе жүгіргеннен кейін, жиі әрі терең тыныс алғанда, ересектермен салыстырғанда алвеолалары мен алвеолааралық перделері өте серпінді, кеудесінің қабырғасы жұқа жас балаларда байқалады. Жас балаларда естілетін везикулярлық тыныс пуэрильді (puer - бала, мальчик) деп аталады.

Патологиялық жағдайда везикулярлық тыныстың күшею себептері: дене қызуының көтерілуі, жемсау ауруынан зат алмасу процесінің күшеюі, пневмоторакс, гидроторакс, гемоторакс, экссудативті плеврит, қатерлі ісіктер, абсцесс, ателектаз сияқты өкпенің көлемді өзгерістері, Куссмауль тынысы. Везикулярлық тыныстың патологиялық сипатта өзгеруінін, түрлері төмендегідей:

1. везикулярлық тыныстың қатаюы (жесткое везикулярное
дыхание)

2. везикулярлық тыныстың саккардты үзілмелі немесе дем
шығарғанда үзаруы (саккадированное или прерывистое дыхание).

3. бронхылы - везикулярлық немесе аралас тыныс.
Везикулярлық тыныстың қатаюы бронх саңлаулары тарылғанда

немесе ісінгенде яғни бронхитге, трахеитте, бронхопневмонияда, демікпеде байқалады. Бұл кезде везикулярлық тыныс бір тегіс емес, дөрекі, қатты естіліп, тыныс шығару фазасы ұзарады. Везикулярлық тыныс күшейгенде қатаюдан айырмашылығы ол жұмсақ, бір тегіс, күшті болып естіледі.

Үзілмелі, саккардты везикулярлық тыныс науқас салқын бөлмеде тоңып, оның тыныс алу бұлшықеттері біркелкі ырғақты жиырылмай дірілдегенде немесе жүйке жүйесінің әсерінен қалтырағанда, ұсақ бронхылардың саңлауы шырышпен немесе кілегей қабығы ісінгендіктен тарылып, ауаның тыныс жолдары арқылы таралуына кедергі пайда болғанда кездеседі.

Егер осы саккардты, үзілмелі тыныс өкпе ұшы аймағында естілсе, бұл осы аймақта туберкулез процесінің дамығандығын білдіруі мүмкін.

Бронхылы - везикулярлық немесе аралас тыныс өкпенің оң жақ бөлігінің ұшынан, бұғана үсті аймағынан және кішігірім нығыздалған ошақ аймақтарын тыңдағанда естіледі. Аралас тыныстың өкпенің оң жақ белігінің ұшынан естілу себебі оң жақ бөлік ұшының бронхы көлденендеу әрі сыртқа қарай жақындау жайғасқан. Тыныстың бұл түрі іріңге жартылай толған абсцесс, өкпе бөлігін толық қамтымаған қабыну процесі т.б. осысынды патологиялық жағдайларда естіледі.

Бронхылық тыныс.

Бронхылық тыныс деп аталатын тыныс ауа тар дыбыс саңлауынан кең саңлаулы көмей мен кеңірдекке өткенде пайда болатын дыбыс толқындарынан қалыптасады.

Бұл дыбыс толқындары әрі қарай бронх тармақтарына жайылады, бірақ кеуде торына таралмайды.

Ерекшеліктері:

1. бронхылық тыныс қалыптасқан орнына қарай көмей- кеңірдектік
деп аталады.

2. тыныс алу мен тыныс шығару фазаларында бірдей естіледі, бірақ тыныс шығару фазасы дөрекілеу және ұзақтау болады.

3. бронхылық тыныс X әрпін айтқанда естілетін дыбысқа ұқсас.

4. қалыпты жағдайда бронхылық тыныс көмекей, кенірдек және ірі бронхтардың бифуркациясы тұсынан жақсы естіледі (арқа жақта 7 мойын омыртқасы мен 3-4 кеуде омыртқасы, алдыңғы жақта төс тұтқасы аймағы тұсынан). Жоғарыда аталған аймақтардан тыс кеуденің басқа жерлерінде бронхылық дыбыс өкпе ұлпасы қатайып өзгергенде ғана пайда болады себебі, өкпе ұлпасының қатайған жерлері арқылы көмекей кеңірдекте түзілген дыбыс толқындары сыртқа қарай жақсы тарайды, сондықтан бүл патологиялық бронхылық тыныс деп аталады. Патологиялық бронхылық тыныс мына төмендегі патологиялық жағдайларда кездеседі:

А). өкпе ұлпасыныц нығыздалып қатаюымен сипатталатын крупозды пневмонияда, өкпе туберкулезі мен өкпе инфарктынде, пневмосклерозда;

Б). өкпеде қуыстар пайда болғанда ( каверна, абсцесс);

В). кеуде қуысына ауа немесе сұйықтық жиналып өкпе ұлпасы қысылғанда (компрессия ателектазы);

Г). ашық пневмоторакста;

Патологиялық бронхылық тыныс түрлері:

1.Амфоралык (amphora- жіңішке мойынды құмыра) тыныс өкпеде кеңірдекпен жалғасқан, іргесі тегіс кеудеге жақын жайғасқан, ірі қуыс пайда болғанда қалыптасады. Амфоралық тыныс шуы жіңішке мойынды құмыраға үрлегенде түзілетін шуға ұқсас.

2.Металдық тыныс өте дөрекі естілетін патологиялық бронхылық тыныс - темірді тықылдатқанда естілетін қатты әрі ашық дыбысқа ұқсас;

Металдық тыныс сыртқы ортамен жалғасқан ашық пневмотораксқа тән.

3. Стеноздық тыныс - көмей кеңірдектік шудың күшеюімен
сипатталып, кеңірдекте немесе ірі бронхыларда ісік есіп немесе жас
балалардың көмекейі қабынып, олардың саңлауы тарылғанда
байқалады.

← Предыдущая страница | Следующая страница →