Поделиться Поделиться

Тест тапсырмаларын орындау.

С И Л Л А Б У С

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті пәні бойынша

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

мамандықтары үшін

Оқыту түрі: күндізгі

курс: 2

семестр: 4

кредит саны: 3

барлық сағат саны: 135, соның ішінде:

дәрістер: 30

іс-тәжірибелік сабақтар: 15

СӨЖ (соның ішінде ОСӨЖ) : 90

Емтихан: 4 семестр

Талдықорған 2016 ж.

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Кыяхметова Шара Асетовна - Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты. Электрондық пошта адресі: Aset_Shara@mail.ru. Жұмыс тел.: 22-16-67-1125, үй тел.: 25-31-30, ұялы тел.: 8 701 883 60 61, 8 771 413 51 85

Сабақ уақыты:сабақ кестесі бойынша

Консультация уақыты:сейсенбі, сағ.12-00, 122 кабинет,

1 – корпус.

Пәннің атауы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті .

Курстың пререквизиттері : ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті курсын игеру үшін білімгерлер қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуір әдебиеті, хандық дәуір әдебиеті, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, сияқты дәуірлерін әдебиеттану ғылымына кіріспе пәнінде берілетін негізгі ұғымдар мен қағидаларды, әдеби-теориялық терминдерді меңгеру керек.

Курстың постреквизиттері : ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті пәнінің оқытылуы кейінгі семестрлерде үздіксіз оқылатын қазақ әдебиеті тарихының Мағжантану Мұқағалитану таңдау курстарын, Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдебиеті сынының тарихы, Әдебиет теориясы, Шетел әдебиеті сияқты әр алуан курстарды терең ұғынып, ғылыми тұрғыдан талдау жасай білуге дайындайды.

Пәннің қысқаша сипаттамасы.Қазақ әдебиеті тарихындағы бұл кезең - жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ең бір жемісті де қайшылықты, жан-жақты даму, өрлеу, ояну кезеңі. Жазба әдебиеттің өркен жайған тұсы, әдеби жанрлардың әр саласында әдеби ізденістердің белең алған тұсы болғандықтан да осы кезеңдегі әдеби шығармаларды жан-жақты қарастыру кейінгі әдеби биіктеудің, кейінгі дамуының түрлі реңдерін аңғарып, айқындауға, алдыңғы әдебиеттің жетістіктерімен келетін тұстарын терең зерделеуге негіз бола алады.

Пәннің мақсаты: Осы кезеңдегі әдеби ағымдар мен бағыттарды жан - жақты қарастыру арқылы «алтын ғасыр» аталған әдебиеттің табиғатын тану.

Пәнді оқытудағы міндеттер :

Әдеби бағыттар мен олардың өкілдерін айқындау арқылы шығармашылық жетістік пен кемшіліктерді саралау. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің қоғамдық - әлеуметтік жағдаймен байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ой - сананы оятудағы міндеттерін айқындау.

Өзіне дейінгі әдебиетпен байланысын, дәстүрлі әдебиет үлгісін, жаңашылдықты тану.

Романтизм мен реалистік әдіс- тәсілдердің қабаттаса жүріп, өмір шындығын ашудағы өзіндік ізденістерін бағамдау.

ХХ ғасыр басында әдебиеттің өріс алған қоғамдық, санаткерлік, көсемсөздік міндеттердің нәтижелерін салыстырмалы түрде қарастыру.

Бұрын қарастырылмай келген немесе біржақты қарастырылған әдебиет өкілдерінің шығармашылығын бүгінгі көзқарас тұрғысынан бағалау әр әдебиет өкілінің басты жетістіктерін ашу.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің азаматтық сарын, азаматтық рухты тану, бұл бағыттағы қаламгерлер шығармашылыының қазақ әдебиетін өркендетудегі қызметін айқындау, кейінгі әдебиеттегі асыл арналарын жүйелеу.

Курсты меңгеріп болғаннан кейін студент:

- қазақ әдебиетінің ілгері жылжуын ғылыми тұрғыда бағалау мен саралау жолдарын меңгеруі, қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесіне өзіндік тұрғыда баға беріп, жаңа тұжырымдар айта білуі;

- проза жанрының қалыптасып, дамуының обьективті себептерін ашып, айқындай алуы, қаламгер туындыларымен танысып, ондағы дәуір демін, қоғам шындығын айқындай білуі;

- көркем образ, әдеби характер, әдеби тип, реализм, романтизм, жазушы стилі сияқты әдеби ұғымдардың негізгі белгілерін білуі;

- автордың идеялық - адамгершілік концепциясын анықтау мақсатында оқытылатын шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып қарастыра білуі;

- жанрды, шығармаларды, кейіпкерлерді, сондай-ақ оларда көтерілген келелі мәселерді, көркемдік ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыруы;

- тиісті деректерді келтіре отырып, пікір алмасуларда, диспуттарда өз көзқарасын, пікірін дәлелдеуі, әдеби сын – зертеулерге тезис және конспект жасай білуі;

- белгілі бір мәселелерді нысана етіп, соны шешу, әрі жинақтап қорытындылауда көркем шығармалардан, негізгі эпизодтардан ішінара іріктеп алып,/ ауызша және жазбаша / баяндауы;

- әдеби тақырыпқа баяндамалар мен рефераттар әзірлей алуы, қорғауы.

- автордың идеялық - адамгершілік концепциясын анықтау мақсатында оқытылатын шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып талдай алады;

- жанрды, шығармаларды, оларда көтерген келелі мәселерді, көркемдік ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыра алады;

- тиісті деректерді келтіре отырып, пікір алмасуларда, диспуттарда өз көзқарасын, пікірін дәлелдей алуы, әдеби сын – зертеулерге тезис және конспект жасай біледі.

Пәнді оқыту үдерісі келесі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған:

а) негізгі құзыреттілік (НК)

- ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді

тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық) саласында базалық білімінің болуы;

- әлеуметтік – гуманитарлық ғылым саласында негізгі оқу мазмұнын білу, әлеуметтік жағынан қажетті проблемалар мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан талдай білу, ғылыми әдістерді кәсіптік және әлеуметтік қызметтің әр алуан саласында қолдана білу;

- адамның адамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды білу, оларды экологиялық және әлеуметтік іс жобаларын әзірлеуде ескере білу;

- өзінің алдына кәсіптік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мақсат қойып, оларды шешу үшін өзі оқып үйренген ғылымының әдіс- тәсілдерін пайдалана білу;

- заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте

ақпараттық технологияларды қолдана білуі;

- күнделікті кәсіптік қызметте және магистратурада білім алуды

жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.

б) пәндік құзыреттілік (ПК)

- студенттер осй пәнді оқу арқылы әдебиетіміздің тарихымен, қалыптасу

кезеңдерімен жан-жақты танысады.

- эстетикалық талғам тұрғысынан әдеби шығармаларға ғылыми

теориялық талдау жасауға үйренеді. Көркем ойлау, бейнелі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

- көркемдік дамудағы жалғастық пен жаңашылдықты ескере отырып,

басты-басты әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, көркемдік-бейнелеу тәсілдері тұрғысынан талдай білу дағдысын игереді.

в) арнайы құзыреттілік (АК)

- заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы қарқынды түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;

- өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында

қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;

- өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне, пән аралық

жобалармен жұмыс істеуге әдістемелік және психологиялық жағынан дайын болу.

- мамандыққа тікелей қатысты мекемелер мен ұйымдарда әр түрлі

шараларды ұйымдастыра білуге және басқаруға икемділігі болуы керек.

- қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін

әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;

- меңгерген теориялық білімін іс жүзінде пайдалана білу, осы жолда жаңа

технологияларды оңтайлы пайдалану.

- дүниеге, тіршілік негіздеріне, ғылыми философиялық, діни танымдық

көзқарас қалыптастыру.

- іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру.

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Процентік құрамы Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4,0 95-100 Өте жақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Курстың білім бағасының жалпы разбаловкасы

Бағаланатын позиция 1-8 аптада бағалаудың саны 9-15 аптада бағалаудың саны Барынша көп балдардың саны   Электронды журналға балдарды қоюдың мерзімі
Ағымдық бақылау Әр бағалау үшін 100 балл Әр апта сайын  
СӨЖ Әр СӨЖ үшін 100 балл 4,7,11,14 апталар
Аралық бақылау Әр аралық бақылау үшін 100 балл 8 және 15 апта
1-ші жіберілудің рейтингісі R 1 8 апта
2-ші жіберілудің рейтингісі R2 15 апта
Академиялық периодта жіберілудің рейтингісі R = (R1+R2)/2 15 апта
Емтихан E 16-19 апталар
Қорытынды баға I = R*0.6+E*0.4  

Бағалаудың критериилері

Бақылау түрі Жоғарғы баға Оқытушы журналына балл қою мерзімі
Ағымдық бақылау: сабаққа қатысуы: үй тапсырмасын орындауы , дәрістегі жауаптары іс-тәжірибелік сабақтардағы жауаптары белсенділік ОСӨЖ тапсырмалары       Әрбір аптада
СӨЖ 1 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
СӨЖ 2 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма 4 тапсырма СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
СӨЖ 3 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
СӨЖ 4 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма СӨЖ тапсырмасын өткізу кестесі бойынша
Бірінші аралық бақылау Коллоквиум алу 1. Теориялық сұрақ 2. Көркем шығарма мазмұны 3. Поэтикалық талдау       8 апта
Екінші аралық бақылау Коллоквиум алу 1. Теориялық сұрақ 2. Көркем шығарма мазмұны 3. Поэтикалық талдау     15 апта

Курс саясаты

Студенттің оқудағы жетістігінің деңгейі қорытынды бағамен өлшенеді: емтиханға жіберілу рейтингісі (қорытынды бағаның 60 %) және емтихан бағасы (40 %). Емтиханға жіберілу рейтингісі ағымдық және аралық бақылаудың (15 апта) нәтижесінде шығарылады. Оқудағы жетістігі 100 баллдық шкала бойынша бағаланады. Оған (ағымдағы сабақтардағы жауаптары, дәрістегі белсенділіктері, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) енеді.

Оқу бағдарламасымен қарастырылмаған қосымша жұмыс түрлері (ғылыми мақала, публикация, олимпиадаға, конкурсқа, конференцияға қатысуы т.б.) қосымша бонус баллдармен бағаланады. Қатыспаған сабақтар мен қарыздарын өтеу 7,14 аптада аралық бақылаудың алдында қабылданады. Себепсіз қатыспаған сабақтардың тапсырмасы көрсетілген мерзімнен кейін қабылданбайды және рейтингіге қосылмайды.

Ағымдық бақылауға студенттің сабаққа қатысуы, практикалық тапсырмаларды, үй тапсырмаларын бақылау жатады. Студенттің дәріс кезіндегі белсенділігі: қатысуы, сабақтан қалмауы, конспект жүргізуі, дәріскер көтерген мәселелерді талқылауға қатысуы, өзіндік тұжырымдар жасауы,сыни ойлау және шығармашылық жұмыс ескеріледі.

Студенттің практикалық сабақ пен ОСӨЖ-ге ат салысуы, мысалы, үй тапсырмасы мен тест тапсырмаларын орындауы, әдеби-көркем талдау жасауы, оқытушының сұрағына жауап беруі, поэтикалық талдау жасауы, графикалық органайзер мен кластер құрастыруы, тақтамен жұмыс, студенттің барлық сабақ бойы белсенділігі, СӨж-ді орындау мен қорғаудағы өзіндік шығармашылық жұмысы және т.б.

Әр аптаның соңында үлгерім мен сабаққа қатысудың қорытынды рейтингісі локальді желі арқылы университеттің электронды журналына қойылады.

СӨЖ арналған тапсырмалар бірінші аптада беріледі. Тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы Ережеге* сәйкес жүргізіледі.

Студент себепті қатыспаған сабақтарын кафедрада бекітілген кестеге сәйкес сол аптада қосымша өтіп, тапсырады.

Студент семестр барысында Ережеге* сәйкес 14 апта ағымдық бақылау және 2 аралық бағалау тапсырмаларын дер кезінде орындауы тиіс.

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар

Мазмұны Сағ. с Апта
Модуль 1. «Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет»
  Дәріс 1-2. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті 1 апта
Практикалық сабақ 1.Көркем әдебиеттің жанрлық тұрғыдан дамуы.
ОСӨЖ 1. Жанр түрлерінің тууы, дамуы, өкілдері.Аударма жанры: рухани қажеттілік.
Дәріс 3-4. Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы 2 апта
Практикалық сабақ 2. Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ақындығы.
ОСӨЖ 2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдеріндегі троптың түрлері.
Дәріс 5-6. Мақыш Қалтайұлы шығармашылығы 3 апта
Практикалық сабақ 3. Нұржан Наушабайұлы шығармашылығы
ОСӨЖ 3. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы
Дәріс 7-8. Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы 4 апта
Практикалық сабақ 4 . Шәді Жәңгірұлының дастандары
ОСӨЖ 4.Мұсабек Байзақұлы шығармашылығы
СӨЖ №1.Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы, Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы
Модуль 2. «Ағартушы-демократтық бағыттағы әдебиет»
Дәріс 9-12. Шәкерім Құдайбердіұлы шығармашылығы 5-6 апта  
Практикалық сабақ 5-6.Шәкерім өлеңдері мен поэмалары
ОСӨЖ 5-6.Шәкәрімнің шағын прозасы. Аударма саласындағы еңбегі.
  Дәріс 13-14.Сұлтанмахмұт Торайғырұлы шығармашылығы 7 апта
Практикалық сабақ 7. Сұлтанмахмұт Торайғырұлының поэмалары мен романдары
ОСӨЖ 7. Мұхамеджан Сералыұлының «Топжарған», «Гүлкашима» поэмалары.
СӨЖ №2.Шәкерім Құдайбердіұлы шығармашылығы
 
Модуль 3. «Алаш ұранды әдебиет»
  Дәріс 15-16.Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы 8 апта
Практикалық сабақ 8. Ахмет Байтұрсынұлы ақындығы
ОСӨЖ 8.Ахмет Байтұрсынұлы лирикасы
1 аралық бақылау (бақылау жұмысы)  
Дәріс 17-18.Міржақып Дулатұлы шығармашылығы 9 апта
Практикалық сабақ 9. Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы
ОСӨЖ 9. Міржақып Дулатұлы ақындығы
 
       
Дәріс 19-20.Спандияр Көбейұлы шығармашылығы 10апта  
Практикалық сабақ 10. Спандияр Көбейұлының «Қалың мал» романы
   
ОСӨЖ 10.Спандияр Көбейұлы–мысалшы ақын.
Дәріс 21-22.Нарманбет Орманбетұлы шығармашылығы 11 апта
Практикалық сабақ 11 . Сәбит Дөнентайұлы шығармашылығы
 
ОСӨЖ 11. Сәбит Дөнентайұлы мен Нарманбет Орманбетұлы ақындығы  
СӨЖ №3.Сұлтанмахмұт Торайғырұлының поэмалары мен романдары
Модуль 4 «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры»
Дәріс 23-24. Ғұмар Қараш шығармашылығы 12 апта  
Практикалық сабақ 12. Ғұмар Қараш ақындығы
ОСӨЖ 12 Ғұмар Қарашұлы -аудармашы
    Дәріс 25-26.Әріп Тәңірбергенұлы шығармашылығы 13 апта    
Практикалық сабақ 13 .Әріп Тәңірбергенұлы дастандары
ОСӨЖ 13.Әріп Тәңірбергенұлы -аудармашы.
Дәріс 27-28.Бернияз Күлейұлы шығармашылығы 14 апта
Практикалық сабақ 14. Ығылман Шөрекұлы шығармашылығы
ОСӨЖ 14.Бернияз Күлейұлы балладалары
СӨЖ №4.Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы шығармашылығы
Дәріс 29-30. Т. Жомартбайұлы шығармашылығы 15 апта  
Практикалық сабақ 15. Тайыр Жомартбайұлының «Қыз көрелік» повесі
ОСӨЖ 15.Тайыр Жомартбайұлы ақындығы
2 аралық бақылау (бақылау жұмысы)
Емтихан (компьютерлік тест)
Барлығы: дәрістер практикалық сабақ СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ)

Студенттің өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындауға әдістемелік нұсқаулар

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша студенттердің өзіңдік жұмыстары аудиторияда оқытылмайтын немесе шолып қарастырған материалдарды оқып білу жатады. Өзіндік жұмыстардың тақырыптары студенттің мамандығына және осы мамандық бойынша өзіндік жұмыстарға берілетін сағат көлеміне байланысты анықталады.

Студенттің өзіндік жұмысы мамандыққа сәйкес білімді игеріп, дүниетанымын, рухани әлемінің ауқымын кеңейтіп, ойлау логикасын дамыту қажеттілігінен туындаған аудиториядан тыс жүргізілетін сабақ.

Жұмыстың негізіне студенттің өзіндік бақылауы, ізденіс нәтижесі жатады. Студент баспасөз беттерінде арнайы тақырып төңірегінде жарияланған ғылыми мақалалар, ұсыныстар, пікірлер бойынша өз беттерімен ізденіп, мәселе жөнінде жарияланған мақалаларды сараптап, талдай отырып өзіндік ой-пікірлерін жинақтап бере білуі керек. Берілген бағдарламаны басшылыққа ала отырып еңбектенеді, өзіндік ғылыми тұжырымдамаларын баяндайды. Жоспар бойынша берілген кезекті тапсырмаларды орындау үшін тақырыпқа қатысты жарияланған әдебиеттерді пысықтап, мол мағлұмат жинау; пікірлерді, тұжырымдарды, салыстыру; күмәнді және қате түсініктерді тауып, оның себебін анықтау, оларды түзеудің жолдарын табу және соның негізінде ғылыми еңбек жазып, көптің назарына ұсыну. Студент тиісті деректерді келтіре отырып, өз көзқарасын, пікірін дәлелдейді, әдеби сын – зертеулерге тезис және конспект жасайды.

Мұндай анализ бен синтез жасау болашақта шұғылданатын гипотезаны жан-жақты мысалдармен дәлелдеп, берік тұжырым жасауға бастамақ. Ауырдан жеңілге, жеңілден ауырға қарай ойысып, нәтижелі істі жүзеге асыруға мүмкіндік жасалмақ.

Студенттің өзіндік жұмысының мақсаты – студентті ғылымға, кәсіптік терең білім алуға баулу. Міндеттері:

- Ақпараттық, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын орнықтыру;

- Шығармашылық ойлау және объектіні зерттеуде анализ және синтез жасау қабілетін нығайту;

- Қазақ әдебиеті материалдарын талдаудың теориялық көздерін, әдістерін, методологиялық алғышарттарын жетік меңгерту;

- Тіл мен әдебиеттің өзекті мәселелерін танып-білу ұлттың ұлылығын, мәңгілігін қамтамасыз етудің басты факторы екенін сезіну;

- Ғылыми-зерттеу және танымдық әдебиеттермен жұмыс істеу технологиясы мен әдістерін меңгеру;

- Оқу пәні арқылы зерттейтін проблемаларының маңызы мен мәніне бойлап, алған білімдерін тереңдетіп, мол тәжірибе жинау, дады-білігін бекіте түсу.

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыбы, сағат саны типтік бағдарлама негізінде құрастырылады. СӨЖ-дің мақсаты мен міндеті қойылады. Қарастырылатын сұрақтар, тапсырмалар және әдебиеттер тізімі беріледі. Пән 1 ғана кезең оқытылады, ағымдық бақылау мен 2 аралық бақылау тапсырмалары бар. Сонымен қатар, тест тапсырмаларын орындау, баспасөз материалдары және тақырыптық сөздіктер мен анықтамалар бойынша жоспар құру сынды қосымша тапсырмалар беріледі. Осы талаптарды орындаған студент емтиханға жіберіледі. Бақылау түрлері – тест, реферат, конспект, ауызша баяндау, рецензия жазу.

СӨЖ түрлерінің тізімі мен мазмұны:

1. Реферат – Белгілі тақырыпқа сәйкес ғылыми әдебиеттерге шолу жасап, баяндама жасау.

2. Эссе жазу – тақырыптың өзекті мәселелеріне шолу жасап, өз тұжырымдамасын ұсынып, анықтама түрінде қысқаша түсініктеме беру (0,5 беттен артық емес).

3. Тақырып бойынша шолу – Интернет ақпараттық жүйесі мен периодты басылымдардан тақырыпқа сәйкес қысқаша әдебиеттік шолу жасау.

4. Глоссарий жазу - берілген тақырып бойынша кездесетін терминдерге қысқаша анықтамалар беріп, түсіндіріп жазу.

5. Презентация – студент белгілі бір тақырып бойынша материал жинап, өз көзқарасын, пікірін білдіреді.Презентацияда мәтін шектеулі, видео, сурет, т.б. жағы басым болады.

6. Іскерлік ойын –болашақ кәсіби қызметке байланысты топ (4-5 студент) болып бөлініп, тақырып бойынша жобалар дайындалады. Блок-схемалар, кроссвордтар дайындап, жарыс түрінде жүргізуге болады.

7. Есте сақтау картасы (ментальные карты)

8. Ассоциограмма ( ақыл - ой картасы)

9. Тақырып бойынша шолу – Интернет ақпараттық жүйесі мен мерзімді басылымдардан тақырыпқа сәйкес қысқаша әдебиеттік шолу жасау.

10.Курс портфелі (портфолио);

11. Жобалар:

- Шығармашылық жоба өнімді презентациялауда түрлі дәстүрлі емес

тәсілдерді кеңінен қолданады. Бұлар альманах, сахналау, спорттық ойын, видеофильм т.б. түрде болуы мүмкін

- Тәжірибеге бағытталған жоба жобаға қатысушылардың мүддесін

қорғайтын әлеуметтік мәселелерді шешуге мақсатталады.

- Зерттеушілік жоба құрылымы бойынша ғылыми жобаға ұқсайды.

Өзектілігі, мақсат, міндеті, болжам, нәтиже сипатталады. Мәселені шешуде: лабораториялық эксперимент, модельдеу, әлеуметтік сауал т.б. әдістер қолданылады

- Ақпараттық жоба мәселені шешуге бағытталған әртүрлі құбылыстар

туралы ақпарат жинау, оны жалпылау, талдау. Нәтижесі БАҚ және Internet желісінде жарияланады.

- Рөлдік жоба. Мұны құрастыру да, жүзеге асыру да қиын. Жобаға

қатысушылар белгілі бір кейіпкерлердің бейнесін сомдайды.

- Дербес жоба- ғылыми-зерттеу элементі бар жұмыс.

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тапсырмалардың мазмұны Сағ. саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
СӨЖ №1 Тапсырма 1. Шәді Жәңгірұлының «Абылай» дастанындағы Абылай бейнесі.- 20 балл Тапсырма 2. М.Ж.Көпейұлы поэмаларындағы Ибраһим пайғамбар тұлғасы.- 40 балл Тапсырма 3. Шәді Жәңгірұлы поэмаларындағы Ибраһим пайғамбар тұлғасы.- 40 балл 2-4 апта Ассоцио грамма құрастыру Дербес жоба дайындау Дербес жоба дайындау
СӨЖ №2 Тапсырма 1. Шәкерім лирикасындағы бейнелі сөздерді теру, көркемдік талдау жасау-20балл   Тапсырма 2. Шәкерім өмірінің беймәлім қырлары- 25 балл   Тапсырма 3. Шәкерім әлемі- 25 балл     Тапсырма 4.Ақын қазасы- 30 балл 5-7 апта Кесте № 1 толтыру Презентация жасау Есте сақтау картасын құрастыру Эссе жазу
СӨЖ №3 Тапсырма 1. «Тәуелсіз елімнің тарихы» -40 балл   Тапсырма 2. С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларындағы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер.- 30 балл   Тапсырма 3. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы бойынша сұрақтарға жауап -30 балл 9-11 апта Ұсынылған мәтінді тірек етіп, эссе жазу Кесте №2 толтыру Ұсынылған 12 сұраққа жауап жазу
СӨЖ №4 Тапсырма 1. «Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың рухани көсемі» тақырыбында ой-толғау (өзіндік шығармашылық)- 40 балл Тапсырма 2. Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романында қазақтың қандай әлеуметтік тұрмыстары көрініс тапқан? Сол тұстарды романнан теріп жазу.- 20 балл Тапсырма 3. Ғұмар Қараштың қилы тағдыры мен Бернияз Күлейұлының махаббат трагедиясы негізінде және өмірде болған оқиғамен байланыстырып, новелла жазу, атын қою (өзіндік шығармашылық) .- 40 балл Ескерту: Екі автор тағдырының бірін таңдау. 12-14 апта Ұсынылған тақырыпқа ой-толғау жазу. Кесте №3 толтыру Новелла жазып, өткізу
  Барлығы    

Үлестіріп берілетін материалдар

СӨЖ 1. Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет

Тапсырма 1. Шәді Жәңгірұлының «Абылай» дастанындағы Абылай бейнесі бойынша АССОЦИОГРАММА (АҚЫЛ - ОЙ КАРТАСЫ) құрастыру

Үлгі: №1

Тест тапсырмаларын орындау. - Инвестирование - 1

Үлгі: №2

Тест тапсырмаларын орындау. - Инвестирование - 2

Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы:

Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы: Қазақ университеті, 2002ж., Қазақ әдебиетінің тарихы. 6-том. Алматы:-ҚазАқпарат, 2006 ж.

Тапсырма 2. «М.Ж.Көпейұлы поэмаларындағы Ибраһим пайғамбар тұлғасы» тақырыбына дербес жоба дайындау.

Әдебиеттер: Көпейұлы М.Ж. Шығармалар жинағы. Көп томдық. - Алматы: Алаш, 2003. Кенжебаев Б. «ХХ ғ. басындағы әдебиет».- Алматы. 1993 ж. Коңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы: Санат, 1994. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. - Алматы: Білім, 1998. Көпеев С. Ш. Мәшһүр-Жүсіп өмірі: Аңыз бен ақиқат. -Павлодар, 2000ж.

Тапсырма 3. «Шәді Жәңгірұлы поэмаларындағы Ибраһим пайғамбар тұлғасы» тақырыбына дербес жоба дайындау .

Дербес жоба - ғылыми-зерттеу элементі бар жұмыс.

Жобамен жұмыс 4 кезеңді қамтиды:

- Жоспарлау;

- Талдау кезеңі;

- Ақпаратты жалпылау кезеңі;

- Алынған нәтижені көрсету кезеңі.

І кезең. Жоспарлау.

Бұл кезеңде тақырыпты топ болып талқылау кезеңі болады. Оның нәтижесінде 5-6 тақырыпта бөлініп шығады және оны орындаушылар анықталады. Жобаны жоспарлау дегеніміз орындалатын іс-әрекетті жоспарлау болып табылады.

ІІ кезең. Талдау.

Бұл дербес жүргізу, ақпарат алу және талдау кезеңі болып, мыналарды орындауды талап етеді:

- Жобаға қатысушылардың әрбіреуінің міндеттерін дәлелдей түсу

және анықтау;

- Ақпаратты іздеу және жинақтау. Оған бақылау, анкеталау,

социологиялық сауалнама, интервью, эксперимент жүргізу, әдебиетпен жұмыс жатады.

ІІІ кезең. Ақпаратты жалпылау

Бұл кезеңде алынған ақпаратты құрылымға келтіруге және алған білім, іскерлік, дағдыны жинақтау жүзеге асырылады.

ІV кезең. Зерттеуден алынған нәтижені көрсету.

Бұл кезеңде білім алушы алынған мәліметтерді және нәтижеге жетудің тәсілдерін ұғынады. Білім алушы ақпаратты алудың және талдаудың әдіс-тәсілдерін игереді, алған білімі мен іскерліктерін көрсетеді.

Әдебиеттер: Келімбетов Н. Шәді ақын. Алматы.- Жазушы, 1974ж.-96б. Шәді төре. «Назым сияр Шәріп» А., 1995. 35бет. Омарұлы Б. Бұғауға бағынбаған жырлар. А., 1998ж. 0.000000 0.000000

Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. - Алматы: Білім. – 1998. - 210-222бб. Жақсылықов А. Образы мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы.-Алматы: Қазақ университеті,1999.-С.428. Азибаева Б.У. Казахский дастанный эпос.-Алматы: Ғылым. 1987.-368б. Әбдуов М. Қазақтың діни эпосы (діни эпостың типологичлық және поэтикалық мәселелері).-Қарағанды, 2006.-264б. Ибраһим пайғамбардың хикаяты –Шәді Жәңгірұлы Алматы, Қазақстан баспа үйі-1999ж. Пайғамбарлар баяны (Құран Кәрим ақиқаты бойынша) 1-кітап, Осман Нұри ТОПБАШ.- Алматы, 2008ж.

СӨЖ 2. Ағартушы-демократтық бағыттағы әдебиет

Тапсырма 1. Шәкерім лирикасындағы бейнелі сөздер (троп, метафора, символ, т.б.) Бейнелі сөздерді теру, көркемдік талдау жасау.

Кесте №1

р/с Өлең жолдарындағы бейнелі сөздер Көркемдік талдау
     
     
     
     

Әдебиеттер: Құдайбердиев Ш. Шығармалар жинағы. Алматы, 1991 ж.

Әбдіғазиев Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. Алматы, 2000ж. Сәтбаева Ш. "Шәкәрім Құдайбердиев" Алматы, 1990 ж. Мұхаметқанов Қ. Абайдың ақын шәкірттері I-кітап Алматы,1993ж.

Әбдіғазиев Б. Шәкәрімнің лирикалық шығармалары.Алматы; 1994ж., Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы,1991ж. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет.-Астана: Фолиант, 2002.-474бет. Ізтілеуова С. Шәкерімнің сырлы сөзі. -Алматы: Арыс, 2004.-144бет.

Тапсырма 2 . Шәкерім өмірінің беймәлім қырларына арналған презентация жасау.

Презентация – студент белгілі бір тақырып бойынша материал жинап, өз көзқарасын, пікірін білдіреді.Презентацияда мәтін шектеулі, видео, сурет, т.б. жағы басым болады.

Презентация жасаудың жолы:

Тест тапсырмаларын орындау. - Инвестирование - 3

Тапсырма 3. «Шәкерім әлемі» тақырыбына Есте сақтау картасын (ментальные карты) құрастыру.

Тест тапсырмаларын орындау. - Инвестирование - 4

Үлгі №1. Есте сақтау картасы

Тест тапсырмаларын орындау. - Инвестирование - 5

Үлгі №2. Есте сақтау картасы

Тест тапсырмаларын орындау. - Инвестирование - 6

Әдебиеттер:Құдайбердиев Ш. Шығармалар жинағы. Алматы, 1991 ж.

Әбдіғазиев Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. Алматы, 2000ж. Сәтбаева Ш. "Шәкәрім Құдайбердиев" Алматы, 1990 ж. Мұхаметқанов Қ. Абайдың ақын шәкірттері I-кітап Алматы,1993ж.

Әбдіғазиев Б. Шәкәрімнің лирикалық шығармалары.Алматы; 1994ж., Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы,1991ж. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет.-Астана: Фолиант, 2002.-474бет. Ізтілеуова С. Шәкерімнің сырлы сөзі. -Алматы: Арыс, 2004.-144бет.

Тапсырма 4. «Ақын қазасы» тақырыбына эссе жазу

Тест тапсырмаларын орындау. - Инвестирование - 7

Эссе дегеніміз(фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы автордың жеке көзқарасын білдіретін, тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарайтын, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын прозалық жанр.

Әдебиеттегі эссе– соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізіне жүздіретін, таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссетабиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссегебатыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Эссе жазу кезеңдері:

Проблеманы анықтау – ойлану – жоспарлау – жазу–тексеру

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР :

• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пунктуация, орфография);
• Қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Эссенің жазылу құрылымы :
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпты ашуда теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».

Тест тапсырмаларын орындау. - Инвестирование - 8

ЭССЕ ҮЛГІЛЕРІ

Бала болашағы – менің қолымда

Ұстаздық жолымның бастау алғанына алты жылдай уақыт болса да мектеп өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Ұстаз атына саймын ба? Жаңарған, жасарған қоғамда ұстаз міндетін қалай атқарып жүрмін? Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып, сан алуан мінезі бар өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде сөйлетіп, жаза білетін дәрежеге жеткізсем, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге талпындырсам, тілін құрметтеуге әрі Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесем менің мақсатымның орындалғаны, еңбегімнің ақталғаны деп білемін. Адам баласы алған тәрбиесін өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Неғұрлым білімді болған сайын, ілгерлеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Жасөспірім алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана биікке ұмтылады. Жас ұрпақты өмірге дайындап, олардың «Сегіз қырлы, бір сырлы» талантты, білімді азамат болуы үшін тәрбиенің барлық түрін ұштастыра жүргізуім қажет. Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақтыдамыған жеке тұлға даярлау – бүгінгі ұстаздар қауымының басты парызы екені баршаға аян. Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы – қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. Оның ішінде маған да байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге – мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті. «Адамның адамшылығы … жақсы ұстаздан» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім де сондай боп шығарын түсінем. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным. Абай атамның «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым.

Өмірді таңда

Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды.
Өмір-өзен ағып жатыр, тынбайды, Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады.

Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.

Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, спирттік ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық, достарым! Дені сау, жан - жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.

СӨЖ 3 .Алаш ұранды әдебиет

Тапсырма 1. Тәуелсіз елімнің тарихы

Ұсынылған мәтінді қазық етіп, эссе жазу

Екінші жалпықазақ съезінде он бес мүшеден тұратын үкімет сайланды. Сайлау жабық түрде, демократиялық сипатта өтті. Үкіметтің басшысы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Бұл он бес мүше түгелдей дерлік жоғары білімді болатын. Тек Отыншы Әлжанов қана мұғалімдік семинарияны бітірген, орта білімді. Осы съезде білім комиссиясын, ұлттық қауіпсіздік, ұлттық банк, жер саясатын құру туралы шешім қабылданды. Қазақтар өз үлестерін алып біткенше сырттан Қазақстанға қоныс аудару тоқтатылады деді. Қазақ жерінің астында жатқан байлық қазақтікі болсын деді. Қазіргі Қазақстан Республикасының шекарасын анықтап берді.

Алаш үкіметінің құрылуы - қазақтың мемлекеттігін қайта қалпына келтірген және болашақта тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуына негіз болған оқиға болды. Алаш үкіметі Орынбор, Сібір, Түркістан аймақтарында жатқан қазақтың басын біріктіріп, қазақтың мемлекеттігін, территориясын анықтап берді, Республика ретінде қалыптастырды. Егер Алаш үкіметі құрылмаса, онда біздің бүгінгі Қазақстан Республикасы Қарақалпақстан, Башқұртстан, Татарстан секілді автономия күйінде қалар еді.

Алашорда үкіметі - республикалық негіздегі, сайлау жолымен құрылған қазақтың тұңғыш үкіметі. Алаш автономиясы - қазақтың бірінші республикасы. ҚазКСР - екінші, қазіргі Тәуелсіз Қазақстан - қазақтың үшінші республикасы. Республика дегеннің өзі – билік ұрпақтан ұрпаққа мұра күйінде қалатын емес, азаматтардың сайлауы арқылы құрылатын билік дегенді білдіреді.

Бізде Алашқа дейін хан тұқымынан хан сайланып, ақ киізге орап, таққа отырғызатын билік болды. Ал Әлихан Бөкейхановты болыстық, уездік, облыстық деңгейдегі қазақ комитеттері екінші жалпықазақ съезінде жанама түрде дауыс беру арқылы сайлаған. Бұл – сайланбалы үкімет. Сондықтан 1917 жылғы 12 желтоқсан – бірінші Республиканың құрылған күні. Немесе оны қазір Алашорда күні деп те атап жүр.

1936 жылға дейін біз Ресей Федерациясының құрамында автономиялы республика болдық. Қазақ зиялылары Үкіметтің алдына Одақтас Республика ретінде қабылдауын талап етті. 1936 жылы Орталық билік Қазақстанды Одақтық Республика деп тануға мәжбүр болды. Өйткені Қазақстанның потенциялы өте жоғары болатын: жер көлемі үлкен, табиғи байлығы да көп, халық саны жағынан да біршама. Сондықтан мойындауға тура келді. Бірақ бұл Мұстафа Шоқайдың сөзімен айтар болсақ: «Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы – қуыршақ республика» болатын. Біз кеңес үкіметі заманында сан жағынан ғана шығынға ұшыраған жоқпыз, рухани тұрғыдан да дағдарысқа түстік. Бірнеше рет қайталанған репрессия біздің сағымызды сындырды. Зиялыларымыз, саяси элитамыз сапалық тұрғыдан төмендеп кетті.

Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы: Қазақ университеті, 2002ж., Қазақ әдебиетінің тарихы. 6-том. Алматы:-ҚазАқпарат, 2006 ж.

Тапсырма 2. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларында айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді теріп жазу.

Кесте №2

Поэма атауы Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер Автор идеясы

Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы А., 1994ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Еспембетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров А., 1992ж. Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасуы А., 1990ж. Бисенғали З. ХХ ғасырдағы қазақ романы А., 1997ж. Дәуір ақыны: Ұлы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналады. - Алматы, 2002ж. Оразбек М.Ақындық орта табиғаты. - Астана, Фолиант, 2002ж.

Тапсырма 3. «Айтыс» поэмасы бойынша сұрақтарға жауап жазу.

1. «Айтыс» поэмасындағы екі бас кейіпкердің қайсысының айтар ойы мен ұстанған позициясын қостар едіңіз (дала ақыны, қала ақыны)?

2. Авторлық идеяның мәні неде және осы қойылған мәселелерді сіз қалайша шешер едіңіз?

3. «Айтыс» поэмасындағы жаңашылдық неде, автор тарапынан әдебиетке қандай жаңалық енді деп ойлайсыз?

4. Автор осы поэманы аяқтасам, мақсатым – қала ақынына жеңгіземін, түбінде заманды техника билейді деп жазылған. Осы авторлық болжау қазіргі заманда шындыққа айнала алды ма?

5. «Айтыс» поэмасында дала ақынының қазақ сахарасы

← Предыдущая страница | Следующая страница →