Поделиться Поделиться

Азіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері

Қазіргі білім беружүйесінің мақсаты—бәсекеге қабілетті маман дайындау.Қаз.ғы білім беруді дамытудың 2011-2020 ж. арналған мем.к бағдарламасы жобасында Қаз.да оқитындарды сапалы біліммен қамт.ету,халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен Қаз.қ білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін,педагог мамандардың мәртебесін арттыру,кәсіптік біліктілігін дамытуды қамт.ету.

12ж.білім беруде педагог төмендегідей құзіреттілікті игеруге міндетті

1.Арнайы құзыреттілік-өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілетті

2.Әлеуметтік құзыреттілік-кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті

3.Білім беру құзыреттілігі-пед.қ және әлеу.к психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті

121) Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты , көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерiн көрсетушiлер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын үнемi жетiлдiрiп келген. Әр рудың, әр жүздiң, әрбiр хан мен бай-манаптың, болыс-бектiң өз балуаны, өз мергенi, өз сәйгүлiгi болған. Олар бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын қорғаған

Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне жаттығу өткiзетiн орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене тәрбиесi нұсқаушылары және ұйымдастырушыла-рымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан көбi қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау), Орал, Верный (қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-ларында iрi спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетiсу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесiн дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өттi. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да ұйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол, жеңiл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкiндiк бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар даярлауға көңiл бөлiне бастады.ж. Алматыда дене тәрбиесi техникумы ашылды. 1934 ж. респ. ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi. Қазақстан К(б)П-нiң 1937 ж. өткен 1 съезi дене тәрбиесi мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсудi атап көрсеттi. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елiмiзде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиелендi. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тәрбиесi ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсiп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертiлдi. 1951 ж. “Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап “Қайрат” деп аталды. 1956 ж. Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өттi. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д’Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгiруден сынға түстi. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лiк эстафеташылар жарысында күмiсґж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4 жүлденi иемдендi.

122)«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.
Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту – медицинаның ғана емес, сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне, мінез-құлқына, қарым – қатынастарына тікелей әсер етеді. Осы орайда мектептегі алғашқы сабақтың 4-5 минуты гимнастика жаттығуынан басталса, ерте тұрып таза ауада жүгіріп және арнайы жаттығулар жасалса. Түрлі спорттық ойындар мен секцияларға қатысудың да артықтығы болмас еді.Сөйтіп, жан дүниемізді байытып шынықтырар едік.

123)і - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

124)
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн дамыту мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.

3. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктірмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 11 қазандағы
N 1459 Жарлығымен
Бекітілген

125)
лғы наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Жоғары білім берудің еуропалық аймағының 47- мүшесі және еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы мүшесі ретінде танылған алғашқы Орталық Азия мемлекеті болды.
Болон процесіне қосылған соң Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды.
1. Қазақстандық жоғары оқу орындарының қазіргі таңда әлемнің 650 университеті қол қойған Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылуы орын алды. Бұл отандық білім беруді еуропа стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді. Ұлы Хартияға 60-тан аса қазақстандық университеттер қол қойды.
2. Болон декларациясының принциптеріне негізделген, мамандарды дайындаудың үштік моделі жүзеге асырылды: бакалавр – магистр – PhD доктор.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндаманың мәліметтері бойынша магистранттарды дайындау еліміздің 118 университетінде жүргізіледі, онда 32 527 адам білім алады, оның ішінде 16 220-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. Бітіру кезінде магистранттардың 92%- ы қорғап шығады.
Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікте 16 жоғары оқу орнында PhD докторларын дайындау жүргізіледі. 2014 жылғы докторанттар саны 2063 адамды құрады.
3.Жоғары оқу орындарының оқу процесіне озық технологиялар мен оқыту жүйелері енгізілді: барлық жоғары оқу орындарына оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді, 38-інде қос дипломды білім беру, 42-інде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады. Дублин дексрипторларына сәйкес модульдік білім беру бағдарламаларын, силлабустарды әзірлеу жүзеге асырылуда, Ұлттық біліктілік шеңбері құрылды.
4. Студенттердің академиялық ұтқырлығы аясында сынақтық бірліктерді қайта есептеу негізіне ECTS (European Credit Transfer System) қабылданды, ECTS бойынша жаңа нұсқаулық (2015 жылғы 14-15 мамырда Ереван конференциясында білім министрлерімен бекітілген) енгізілуде.
5. ҚР БҒМ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық мобильділігіне қаражат бөледі, сондай-ақ жоғары оқу орындары тарапынан да академиялық мобильділікке қаражат бөлінеді.
Болон процесі және академиялық ұтқырлығы орталығының 2014 жылғы ресми мәліметтеріне сәйкес 52 жоғары оқу орны 1726 шетел ғалымдарын шақырған (2013 жылы – 1 533 адам, 2012 жылы – 1 349 адам, 2011 жылы – 1 717 адам, 2010 жылы – 418 адам, 2009 жылы – 389 адам).
Еуропа мемлекеттерінен – 785 ғалым, Шығыс Азиядан – 85 ғалым, Оңтүстік Шығыс Азиядан – 32 ғалым, АҚШ-тан – 140 ғалым, Ресей Федерациясынан – 498 ғалым, Беларусь Республикасынан – 28 ғалым, басқа мемлекеттерден – 158 ғалым шақырылған. Шетелдік оқытушылар мен кеңес берушілерді шақыру мемлекеттік тапсырыс аясында және жоғары оқу орнының бюджеттік емес қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2009 жылдан 2014 жылдар аралығында барлығы 6927 шетелдік ғалымдар мен кеңес берушілер шақырылған.
Академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында 2014 жылы жоғары оқу орындары шетелге 1 семестрден кем емес мерзімге 805 студентті жіберді. Оның ішінде 740 адам Еуропаға, АҚШ-қа – 52, Шығыс Азияға – 12, Ресей Федерациясына – 1 адам барды. Мемлекеттік бюджет есебінен 2014 жылы шетелде 616 бакалавр және 189 магистрант білім алды.
Тұтастай алғанда, әр түрлі мамандықтар бойынша 2011 жылдан бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылған кезеңде бакалавриаттың 1520 студенті және 1042 магистрант шетелде білім алған.
6. Салғастырмалы критерийлер мен әдіснаманы әзірлеу мақсатында сапаны қамтамасыз етудегі еуропалық ынтымақтастыққа көмектесу үшін ҚР БҒМ Аккредиттеу агенттіктерінің ұлттық тізімін құрды, оның ішіне Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінен (БСҚА - IQAA) басқа тағы бір ұлттық және 8 шетелдік агенттік енді. 2009-2015 жылдар аралығында БСҚА 50 жоғары оқу орнын институционалдық аккредиттеуден және 1100 бағдарламаны аккредиттеуден өткізді, әлемнің 25 мемлекетінен 153 шетелдік сарапшы, 1100-ға жуық отандық сарапшы, оның ішінде 190 студент пен 200-ден аса жұмыс берушілер шақырылды. Агенттікте Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етуге арналған стандарттар мен нұсқаулықтарды аккредиттеу стандарттарымен үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.
2014 жылғы Ұлттық баяндама мәліметтері бойынша, жалпы 115 жоғары оқу орнының 66-сы (57%) ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтті.
Халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 139 мамандығы бойынша 22 қазақстандық оқу орны (19%) өтті.
Институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу стандарттарына сәйкес сапаны қамтамасыз етудің ЖОО-ішілік жүйесін ендіру және ЖОО-ның қызметін сыртқы бағалауға студенттер мен жұмыс берушілерді тарту жүзеге асырылып, жұмыс берушілер мен студенттер қатарынан сарапшылардың кеңейтілген базасы құрылуда.

126)Мен "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясымен бөліскім келеді . Оның негізгі мақсаты - қазақстадықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",- деді Н. Назарбаев. Президенттің айтуынша, "жоба әлеуетті үш жағдайды ескеруге тиіс". "Бірінші жағдай білім беру жүйесінің инновациялық дамуына қатысты",- деп атап өтті ол. Жобаны жүзеге асыратын екінші басты мәселе, елбасының айтуынша ақпараттық революция болуға тиіс. "Біз бұл салада айтарлықтай артта қалдық",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев. Атап айтқанда, президент "Алматыда ақпараттық технология паркі базасында жетекші жоғарғы оқу орындарының қатысуымен, шетелден ең үздік деген мамандарды тартумен үлкен аймақтық университет құруды" ұсынады. "Жобаны жүзеге асырудың үшінші бағыты ретінде жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеуді атап өтуге болады",- деді президент. Н. Назарбаев.

127)
128)«Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама.

Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.
Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.
Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.
Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шекараға іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға көңіл бөлінбек.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.

129)2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең болд ы, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын

Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
Халық санағы – демогра­фия­лық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытудың, бағалаудың және талдаудың бірыңғай үдерісі. Қазірде халықтың назар аударып отырғаны мәселесі – әлеуметтік жағ­дайлар. Халық санағының нә­ти­жесінде тұрғындар мемлекеттен әлеуметтік мәселелер бойынша көмек күтеді.2009 жылғы ҚР Ұлттық халық санағының нәтижелеріне республикада қазақтардың ең тығыз шоғырланған жері — Қызылорда облысы екенін атап өтті. Қазақстанда саны бойынша неғұрлым көп болып табылатын қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және немістер, олардың үлесіне елдің 95, 6 пайыз халқы жатады.

130)Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының ПрезидентініңЖарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

← Предыдущая страница | Следующая страница →