Поделиться Поделиться

Ісікке қарсы вакциналар

Қатерлі ісіктер вацина жасуға күрделі нысана болып табылады, өйткені олар қалыпты жасушалармен антигендік құрамы бойынша өте ұқсас болады, сондықтан ісікерекшелі антигендер әлсіз иммунды жауап шақырады және жиі вакцина алуға қажетті ісік жасушалар популяциясының МНС өнімдерімен ассоциациясы бұзылғандықтан танылуы қиынға соғады. Нәтижесінде иммунды жүйе ісікке қарсы жауап берсе де, ол жиі эффективтігі төмен болады.

Ісікке қарсы вакцинация– ол иммуногенді антигендері бар вакциналар енгізу арқылы ісікке қарсы белсенді арнайы иммунитет қалыптастыру әдісі.

Ісікке қарсы вакциналар құрамына толық ісік жасушалары немесе олардың антигендері кіреді. Олардың құрамына және иммунды жауап қалыптасу механизміне қарай ісікке қарсы вакциналардың келесі түрлері белгілі:

1. Ісік жасушалар негізіндегі вакциналар:

· аутологиялы;

· аллогенді.

2. Антигендік ісікке қарсы вакциналар:

· ісік жасушалардың нәруыздары мен нәруыздар фрагменттерінен құралған;

· ДНҚ-вакциналар;

· антиидиотиптік вакциналар.

· дендритті жасушалар негізіндегі вакциналар.

Ісік жасушалар негізіндегі вакциналарға тірі аллогенді және аутологиялық ісік жасушалар жатады. Жасушалардың пролиферативті қабілеттерін түрлі әдістермен тежейді: иондық сәулелендіру, С митомицин әсерімен, суықтандыру мен қайта қалпына келтіру немесе жасушаға жылыту әсерімен. Бірақ бұндай шаралар ісік антигендерінің құрылысы мен қасиеттерін бұзып, вакцинаның эффективтілігін төмендетуі мүмкін. Сонымен бірге, бұл шаралар арқылы кең спектрлі антигендерді қолдану ісіктің әр антигендік детерминантасының экспрессиясына назар аудармай, белгілі ісікті емдеуге ықпал жасайды.

Аутологиялық вакциналардыңнегізгі артықшылығы – олар HLA-өнімдерімен және Т-жасушалық адаптивті иммунды жауапты белсендіретін тағы басқа структуралармен бірге ісік жасушаларына ұқсас, сондықтан вакцина мен ісіктің антигендік профилінің айырмашылық проблемасы мен бөгде ісіктен тыс антигендерге аллергиялық серпілістер болмайды. Бұл жағдай асқынулардың қауіптігін және патогенді виустармен және жасуша ішкілі паразиттермен контаминациясын төмендетеді. Одан басқа, бұндай жасушалар ағзада көп уақытқа дейін жүріп, толық иммунды жауап қалыптасуында маңызды болып табылады. Өкінішке орай, әр жерден (ісікің өзінен, метастаздан, лимфа түйінінен) алынған ісік жасушалардың антигендік профилі мүлдем әр түрлі болады. Сонымен бірге әр кезде аурудан ісік материалын қажетті мөлшерде алуы қиындық тудырады, ал алған кезде вакцина алуға қажетті біртекті стандартталған ісік жасушалар популяциясын шығару оңайға түспейді. Бұндай вакциналар индивидуалды болып табылады және олар қымбатқа түседі. Олай болған кезде де, бұндай вакциналар қазірде клиникалық зерттеудің II және III фазасын өтуде, мысалы, меланомада біраз оң әсерімен.

Аллогеннді жасушаларды пайдалану кезінде вакцина мен ісіктің антигендерінің ұқсастық деңгейі төмендейді, сондықтан бұндай вакциналар (поливаленттік вакциналар) ереже бойынша бірнеше аурулардан алынған жасушалық тізбегінен дайындалады. Бірнеше ұқсас ісіктерден алынған жасушалық тізбектің қоспасы ісік антигендердің кең спектрінен құралуы мүмкін. Вакциналардың бұндай варианты вакцина мен аурудың антигендерінің ұқсастық мүмкігшілігін өте жоғарылатады. Бұл вакциналарддың артықшылығы – олар пациенттен ісік жасушаларын алусыз дайындалатыны және олардың бірнеше егуге жеткілікті мөлшерін алуға мүмкіншілігі барда. Бұндай вакцинаға Morton мен әріпт. дайындаған поливалентті меланомалық жасушалық вакцина жатады. Ол – беткері иммуногенді глико- және липопротеиндер мен ганглиозидтер экспрессияланған үш аллогенді меланомалық жасушалық тізбектен тұрады. Бұндай вакциналардың клиникалық зерттеуі антигендерге Т-жасушалық та, гуморалды да түрлі адаптивті иммунды жауаптың пациенттер өлімнен сақталу дәрежесі жоғарылауымен байланысты екенін көрсетті.

Аллогенді жасушалар пайдаланудың шектеуіне пациенттің және вакциналар жасушаларының HLA-антигендері бойынша ерекшеліктері жатады, ол – трансплантат тұрақтамау тәрізді серпілісті шақырады және вакцинотерапияның эффективтілігіне теріс әсер келтіреді. Мысалы, Melacine (Сorixa corp., Canada) – аллогенді меланомалық жасушалық тізбектен құралған лизаттан тұратын вакцина, меланома ауруларының 5–10% ғана ісікке қарсы әсер береді. Бірақ бұл көрсеткіш А2 мен С3 тәрізді I класс HLA-антигендері бар ауруларда маңызды түрінде жоғарылайды. Мүмкін, бұндай вакциналарды пайдалану үшін пациенттерді НLA-антигендер бойынша іріктеп таңдау қажет. Егер вакцина мен ісік антигендерінің ұқсастығы шамалы болса, бұндай вакциналардың эффективтілігі туралы айту қиынға түседі. Сонымен бірге бұндай жасушаларды ұзақ пастеризацияласа, жасушалардың антигендік фенотипі өзгереді. Өкінішке орай, бұндай вакциналар өзгермешіл болғандығынан, олар ерекше дайындау, сақтау және тасымалдау шарттарды қажет етеді. Сонымен қатар, бұндай препараттарды стандарттау да қиыншылық тудырады.

Бұндай кемшіліктер біраз аллогенді лабораторлы жасушалық тізбектерден тұратын лизаттар негізінде құралған вакциналарда жоқ, өйткені олардың негізінде жақсы стандартталған және тұрақты препарат дайындауға болады. Бірақ бұндай вакциналардың сапалығын және эффективтілігін бақылау проблемалары мен стандарттау проблемасы олардың қолдануын шектейді. Мүмкін, соңғы он жылдықтарда өткізілген бұндай вакциналардың рандомизацияланған зерттеулері арқылы ісікке қарсы сірә әсері алынбағаны осы жағдайға байланысты болуы тиіс.

Антигенді вакциналар құрамына бүтін жасушалар емес, ісік жасушаларының антигендері енеді. Бір ісіктің өзінде кең спектрлі антигендер болуы мүмкін. Кейбір антигендер белгілі бір ісіктерде болады, бір антиген түрі ерекше және тек белгілі бір науқаста ғана кездеседі.

Адаптивті иммунды жауапты шақыру қабілеті бар, ісік жасушасынан бөлінетін және потенциалды антиген болып табылатын нәруыздарды бірнеше топқа бөлуге болады. Біріншіден, жасуша генімен кодталатын қалыпты нәруыздар – ісікпен ассоциацияланған антигендер. Бұл топқа қалыпты жасушаларда да, ісік жасушаларында да болатын тіннен бастау алатын тіннің арнайы нәруыздарын жатқызуға болады (тіннен бастау алатын дифференцияланған антигендер). Мысалы меланин синтезіне қатысатын нәруыз болып табылатын меланомды антигендер (тирозиназа, gp100, MART-1/Melan-A, TRP).

Алыпты жасушалардан минималды мөлшерде ғана бөлінетін, иммунды жауапты шақыруға жетпейтін және ісік жасушаларынан гиперэкспрессияланған антигендер тобы рактың арнайы иммунотерапиясында кеңінен қолданылады. Бұған простатаның аденокарциномасы кезінде мөлшері көбейетін простата-арнайы антигендері (PSA, PSMA); мөлшерінің көбеюі сүт безі, тоқ ішек, ұйқы безі рагымен байланыстырылатын – муцин; өкпе, аналық безі, сүт безі, простата және тоқ ішек рагы кезінде анықталатын HER-2/neu антигендері жатады.

Эмбрионның ерте дамуы кезінде болып кейін жойылатын обыр эмбрионалды антигендері кейбір ісік жасушалары кезінде қайталап пайда болуы мүмкін. Құрсақтық дамудың 2-6 аптасында ас қорыту жолдарында, ұйқы безінде және бауырда кездесетін рактың эмбрионалды антигендері тоқ ішек, өкпе, сүт безі рагы кезінде байқалады. Эмбрионалды бауыр жасушаларынан және өт қапшығынан бөлініп шығатын альфа-фетопротеин ересектердің қан сарысуы құрамына кіреді және біріншілік бауыр рагы кезінде мөлшері көбейеді. Бағаналы жасушаларда бар, дифференциялану кезінде жойылатын теломеразаның деңгейі ісік жасушаларында жоғарылайды және бүл фермент күшті антиген болмағанымен белгілі бір жағдайларда оған қарсы арнайы иммунды жауап қосылуы мүмкін.

Ісік пайда болатын тіндердің жасушаларынан экспрессияланбайтын неоантигендер басқа қалыпты жасушалардан экспрессиялануы ықтимал. Мұндай антигендердің пайда болуы қалыпты жасушалардағы «үндемейтін» гендердің ісікті трансформациялануы кезіндегі реактивтенуімен байланысты. Осылайша тестикулярлы рак антигендері(MAGE, BAGE, GAGE, LAGE, SAGE, NY-ESO, т.б.) меланоциттерде экспрессияланбайды, алайда меланоманың және қалыпты жұмыртқа жасушасы мен плацента жасушаларында кездеседі. Тек меланоциттердің неопластикалық трансформациясынан соң көрінетін және жұлын мен бас миында әрдайым болатын ганглиозды антигендер механизмі де жоғарыларға ұқсас болып келеді.

Тек қана ісік жасушаларында экспрессияланатын арнайы ісік антигендері белгілі бір адамның ісігіне немесе белгілі бір ісіктің түріне қарсы адаптивті иммунды жауапты туғызатын антигендердің маңызды тобын құрайды. Бұл топқа ДНҚ ақауы бар жасушаларынан экспрессияланатын мутант антигендері жатады. Бұндай модификацияланған молекулулар (бета-катенин, CDK4, p53 және басқа) бірдей мутацияның мүмкіншілігі жоғары болмағандығынан барлық ісіктерде экспрессиялана бермейді. Жұқтырылған жасушалардың бетінен экспрессияланатын және вирусты этиологиялы жасушаның қатерлі трансформациясына ұқсатылатын, вирусты антигендер – нәруыздар жеке бөлініп қарастырылады. Бұл антигендерге жатыр мойын рагымен ассоциацияланатын адам папилломасы нәруызы (Е6, Е7), Эпштейн-Барр вирусы, сонымен қатар герпес, гепатит В вирусы және т.б жатады.

Азіргі уақытта осындай 100-ден астам антигенді нәруыздар негізінде ісікке қарсы вакцина жасау жұмыстары атқарылды. Бүгінгі күні ісік жасушаларын идентификациялауының әр түрлі жолдары қарастырылуда, алайда соның ішіндегі ең сәттісі – ісік жасушаларынан комплементарлы ДНҚ алу, оны клондап, гендерді кодтайтын нәруыздарды алғашқы ісік жасушаларына бағытталған адаптивті иммунды жауапты индукциялауға тестілеу технологиялары болып отыр.

Жеке антигендер негізінде дайындалған вакциналар құрамына ісік жасушаларынан немесе рекомбинантты технологиялар көмегімен алынған ісік антигендері енеді. Бұндай нәруыздардың жеткілікті түрде тазаланған, сонымен қатар анти-HLA-иммунды жауапты шақыру мақсатымен HLA-антигендерін аластатылған болуы маңызды.

Тазаланған ганглиозидтерге жүргізілген зерттеулер олардың бетінде айқын иммунды жауаптың шақырылғандығын көрсетіді. Меланомамен сырқаттанған науқастардың (III дәрежелі) 50-80% GM2 және GD2 ганглиозидтері бар вакцинаны қолданған соң аурудың оң болжамды белгісі болып табылатын IgM және IgG-антиденелер титрінің көбейгендігі байқалған.

Пептидті антигендер толық нәруыздармен салыстырғанда көбірек нәтижелі болып табылады, сондықтан оларды ісікке қарсы вакцина құрамына жиі қосады. Ісік антигендерінің антигенді детерминанталарының, соның құрамында 8-9 амин қышқылдарының қалдығы бар пептидтердің идентификациясы оларды химиялық синтез жолымен алуға және ісікке қарсы вакцина жасауда қолдануға мүмкіндік туғызады.

Кең көлемдегі тәжірибелер мен клиникалық сынама зерттеулері тестикулярлы рак және меланоманы синтетикалық пептидті антигендерге жүргізілуде. Меланомаға қарсы вакциналарды тестілеу айқын оң нәтижелерді береді. Алайда бір ісіктің әр түрлі жасушалардағы антигендердің гетерогенділігі ісік клонының селекциясына алып келуі мүмкін, соған тиісті мұндай вакцина терапияға резистентті клондарды қалыптастыруы да ықтимал. Осы себепті құрамына бірнеше жоғары тазартылған немесе синтетикалық (поливалентті вакциналар) антигендер кіретін вакциналарды қолданған дұрыс.

Сонымен қатар бұндай вакциналарды жаппай қолданудың кедергісі болып әрбір ісіктің жеке ісік антигендері болып отыр. Бұл әрбір жағдайда ісікті нысанаға қатысты тестілеп, соған антигендерді анықтап вакцинаға қосуды қажет ететіндігін көрсетеді. Бұндай тестілеу әдістеріне вакцинотерапияға сай антигендерді таңдауда ПТР және иммунохимияны пайдаланғанда қол жетеді. Өкінішке орай, арнайы антигендер детерминанталар жайлы мәліметтің жеткіліксіздігі жеке антигендерді ісікке қарсы иммунотерапияда қолдануға шектеледі.

Пептидті вакцинаның тағы бір кемшілігі HLA-рестрикциялық проблемасы. Иммунды жауапта иммунокомпонентті жасушаларының өзара қатынасында негізгі жағдай болып олардың мембраналарында HLA-антигендерінің экспрессиясы болып табылытындығы белгілі. HLA-белоктары антигенді пептидтермен байланыса отырып, олардың Т-лифоциттерге танылуына қатысады. Әрбір HLA-молекула тек шектеулі ғана антигендерді жасуша бетіне шығара алады. Осылайша, егер антиген HLA-ң антиген байланыстыратын бөлігімен байланыса алмаса, вакцина нәтижелі болмайды. Сондықтан вакцинаны оптималды қолдану науқастың HLA-антигені сай келетін пептидті антигендерді таңдауға арналған науқас тінінің HLA-түрлендіруін қажет етеді. Пептидті антигендерге негізінде ісікке қарсы вакцинаны қолданудағы тиімділігіне – оның жаппай өндірілуінің қол жетімділігі, коммерциялық бағасының қымбат еместігі, емдік препараттарға арналған стандартты талаптардың қолданылытындығы жатады.

ДНК-вакциналар. Осы вакциналар ісік антигенді кодтайтын генетикалық реттілікке ие. Ол векторда орналасады (плазмида, вирусты вектор т.б) және эукариот жасуларда экзогенді нәруыз экспрессиясын қамтамасыз ететін промоторы бар. Бұлшық етке немесе тері астына енгізілген конструкциялар (вакцина) науқастың жасушаларының ДНҚ-ына қосылады (фибробласттар немесе миоциттер). Енгізілген геннің белсенуі арқылы қажетті антигеннің локалды концентрациясы жоғарылайды, нәтижесінде оған қарсы адаптивті иммунды жауап дамиды. Осындай генетикалық конструкцияларда бірнеше антиген детерминанталары болуы мүмкін, ол ісік антигендерімен сәйкес келу ықтималдығын жоғарылатады, яғни, ісікке қарсы арнайы иммунды жауап шақырады. Сонымен қатар, осы вакциналарды қолдану тек арнайы антиген детерминанталары арқылы жүреді (барлық арнайы антигенді вакциналары тәрізді). ДНК-вакциналарында ксеноантигендерді қолданғанда айқын көрінетін имммунды жауап туады, оны қазіргі таңда вирусты этиологиялы рактың емінде ең қолайлы әдіс ретінде қарастырады, мысалы: адамның жатыр мойнында папиллома шақыратын вирус.

ДНК-вакциналарының иммуногендігін антигеннің мөлшерін көтеру арқылы жоғарлатуға болады, өйткені адамдарда лабораториялық жануарларға қарағанда, адаптивті иммунды жауапты шақырыру үшін жоғары дозаларды қолдану керек. Құрамына бірнеше антиген детерминанталарын және иммунды жауапты шақыратын биологиялық модификаттар, яғни ИЛ-2, ГМ-КСФ т.б. қосу арқылы вакцинаның эффективтілігін күшейтуге болады. ДНК-вакциналарының түрлері ретінде келесі генетикалық конструкцияларды жатқызуға болады: тізбектілік, кодтаушы антиген (антигендер), бір плазмидада биологиялық модификатор; екі плазмида, құрамына қосарлама немесе жеке енгізілетін гендер кіреді.

Осы тип вакциналарының басты артықшылығы: оларды өндіруге жасушалық материал немесе ДНК-ның жеке манипуляциялары керек емес, ол өте тұрақты, сондықтан препараттарды көп мөлщерде шығаруға мүмкіндік бар. Лабораториялық жағдайда ДНК оңай өзгертулерге келеді, сондықтан ісік антигендеріне қарсы вакциналарды өндіру өте көп күшті қажет етпейді. Антиген нәруыздары нативті конформациялы күйде ағзаның өз жасушаларында өндіріледі, ол кейде иммуногендіктің жоғарылауына әкеледі.

Антиидиотипті вакциналар. Ісікке қарсы адаптивті иммунды жауаптың индукторы ретінде антиидиотипті антиденелер (ісік антигендерінің антиденелеріне қарсы антиденелер) қолданылады, оларды ісік антигендері тудыруы мүмкін. Антиидиотипті вакциналар, біріншіден, ісік антигеніне қарсы арнайы иммунды жауап тудырады, екіншіден, адаптивті иммунитеттің эффекторлы молекулалары түрінде, иммунды жауаптың деңгейін айтарлықтай жоғарылатуы мүмкін. Осы вакциналардың ең басты қолайлы қасиеті – ісік антигендеріне төзімділікті бұзу деңгейінің жоғарылауы.

Эксперименталды модельдарда көрсетілген, антиидиотипті антиденені қолдану әртүрлі ісік антигендеріне адаптивті ісікке қарсы иммунды жауапты шақырады. Вакциналардың клиникалық сынамалары СА125-антигенін имитациялайтын антиидиотипті антиденелер негізінде құралған, зерттеулер барысында атабез ісігі кезінде СА125-антигенге қарсы арнайы иммунды жауап пайда болатыны тіркелді, ол ісіктің дамуын тұрақтандырады. Нәтижелері осыған ұқсас сынамалар антиидиотипті антидене зерттеулерінде де көрінді, мысалы, ганглиозды GD2 антигенін имитациялайтын науқастарда ІІІ дәрежелі меланомада. Антиидиотипті вакциналардың әсерін сүт безі ісігі мен колоректалды карциномада зерттеу сынамалары жүргізілуде.

Дендритті жасушалар негізіндегі вакциналар. Соңғы он жыл көлемінде эксперименталды вакциналардың жаңа классы – дендритті жасушалар негізіндегі вакциналар (ДЖ-вакциналар) пайда болды. ДЖ-вакциналарды өндірудің негізгі принципі келесіде, шеткі қандағы моноциттерді in vitro жағдайында ГМ-КСФ, TNF-α және ИЛ-4-пен қосып дақылдандырады. Бұл цитокиндер көп мөлшерде дендритті жасушалардың дамуына ықпал жасайды. Кейін осы жасушаларды әртүрлі антигендермен (жиі ісікке арнайы) дақылдандырып, науқасқа қайта енгізеді. Дақылдандыру үрдісінде ДЖ-лар антигендерді (көбінесе қысқа пептидті антигендер) жұтып, оларды өндіреді, кейін науқасқа енгізілгеннен кейін МНС-белоктармен комплекс құрған күйінде Т-хелперлер және CD8+-цитотоксикалық лимфоциттерге презентациялайды, нәтижесінде адаптивті иммунды жауап қалыптасады. Белсендірілген ДЖ-вакциналар бірнеше цитокиндер қатарын өндіреді, соның ішінде ИЛ-12, ол адаптивті иммунды жауапты тудыратын Тх1-ді белсендіреді. Ресей ғалымдары ойлап тапқан, ісікке қарсы терапиялық ДЖ-вакциналардың мысал ретінде простата ісігін емдеуде қолданылатын вакцинаны келтіруге болады. ДЖ-дың «жабдықталуы» үшін, ДЖ-вакциналардың бірнеше түрі жасалды, олар бір-бірінен құрамындағы ісік арнайы антигендермен ерекшелінеді. Простата ісігі дертіне қарсы, құрамында простата мембранасына арнайы антигендері және ісік MAGE-3 антигені бар антигендер жинағы қолданылды. Зерттеулер осы пептидтерді қоспа күйінде әртүрлі комбинацияларда да, M.tuberculosis-тен алынған жылулық шок белогы rHsp70 (TLR4-ң агонисті) - адъюванттармен бірге рекомбинантты комплекс күйінде де жүргізілді. Барлық жағдайларда алынған ДЖ-вакциналар ісік арнайы CD8+-цитотоксикалық Т-лимфоциттердің генерациясына алып келуі тіркелді, осы үрдісте ДЖ-дан тұратын қоспада rHsp70 нәруызын адъювант ретінде қолдану арқасында Т-лимфоциттердің көбеюі өте жоғарғы дәлдікпен орындалатыны дәлелденді. ДЖ-вакциналардың көбеюі арқылы ісік нысана-жасушаларының танылуы мен лизисі, көп ісіктерге арнайы CD8+-Т-лимфоциттердің TNF-α көп мөлшерде өндіруімен корреляциясы анықталды.

ДЖ-вакциналар колоректалды ракты емдеуге арналған, кейбір ДЖ-вакциналар лимфопролиферативті дерттерде қолданылады. Вакциналардың ДЖ-дың хромосомаларына ИЛ-23 (ИЛ-12-нің функционалды аналогы) генін енгізу арқылы адъювантты эффект байқалады, кейін модифицикацияланған ДЖ-ды ісік арнайы пептидтермен өңдеу жүргізілді, ДЖ тікелей ісік жасушаларына енгізді, бұл кезде цитотоксикалық лимфоциттердің көбейіп, ісіктердің көлемі төмендеуі байқалды, ДЖ-вакциналар осы ерекшелігімен қызықты.

Ісікке қарсы вакциналарды өндірудегі келесі міндет – ісік құрамына кіретін антигеннің иммуногенділігін жоғарылату немесе оған қарсы адаптивті иммунды жауапты күшейту болып табылады. Ісікке қарсы адаптивті иммунды жауапты эффективті белсендіретін терапиялық вакциналарды ойлап табу әрекеттері әлі жақсы нәтижелер берген жоқ, бірақ адъюванттардың дұрыс комбинацияларын ойлап табу жағдайды жақсартуы мүмкін. Соңғы уақытта ісікке қарсы эксперименталды вакциналардың бірталай түрлері жасалды, олар құрамындағы адъюванттардың түрлілігімен ерекшелінеді, сонымен қатар ДНҚ-ның CpG-тізбегімен, ол тізбек белгілі бактериялар мен вирустарға ғана тән, адамдарда жоқ. Адъюванттық қасиеттерге антигентаныстырушы ДЖ-дың Толл-тәрізді рецепторлардың (TLR9) активтенуі арқасында ие.

Клиникалық сынамалардың соңғы кезеңіндегі, осы вакциналардың бірі ісіктік Mage-A3 антигені бар вакцина. Ол бірнеше типті ісік жасушаларына жоғарғы арнайылығын көрсетеді. Соның ішінде майда жасушалы емес өкпе рагы, бас рагы, мойын және зәр қуығында болады, адъювантты қоспасынмен бірге As15 бар, оның құрамына MPL, QS21 және ChG кіреді. Зерттеулер барысында майда жасушалы өкпе рагымен ауыратын науқастардың 96%-да Mage-A3 антигеніне қарсы антидене синтезі және цитотоксикалық Т-лимфоциттердің саны жоғарылаған.

Клиникалық сынамалардың екінші фазасында ісікке қарсы вакцина Melan-A, құрамында CpG-адъювант, CD8+ цитотоксикалық Т-лимфоциттердің көбеюі дәлелденді, ол меланома антигендеріне тән.

← Предыдущая страница | Следующая страница →