Поделиться Поделиться

Клиникалық жағдай бойынша жауап эталондары

Созылмалы пиолонефрит

Клиникалық жағдай : «Созылмалы пиолонефритпен науқасты жүргізу әдісі және диагностикасы»

Ситуациялық есеп: Сіз – жалпы тәжірибелік дәрігерсіз.Қабылдау бөлімінде - науқас 28 жас

Ø Анамнез жинап науқасқа жалпы қарау жүргізу.

Ø Лабораторлы– инструментальды зертеу нәтижелеріне интерпретация жасаңыз.

Ø Диагноз қойыңыз

Ø Науқасты жүргізу әдісін талдаңыз.

Соң ғы нәтиже (outcomes) :

Ø Созылмалы пиолонефритпен ауыратын науқасқа физикальды зерттеу жасау.

Ø Созылмалы пиелонефриттің клиникалық диагностикасы.

Ø Зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізу жалпы қан, жалпы зәр, бүйрек УДЗ, электрокардиограмма

Ø Созылмалы пиелонефритпен науқасты жүргізу әдісі.

Бағалау парағы

Клиникалық жағдай бойынша

«Созылмалы пиелонефритпен науқасты жүргізу әдісі және диагностикасы»

Бағалау Критерии бойынша қадамдар Балл бойынша бағалау
Толық меңгере алады Толық емес меңгеру Меңгере алмайды
1. Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылдыма? 1,0 0,5
2. Созылмалы пиелонефриттің диагностикалық критерилері анықталдыма? Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылдыма 2,0 1,0
3. Физикальды зерттеу жалпы қарау. 2,0 1,0
4. Созылмалы пиолонефриттің клиникасы бойынша дұрыс талдау жүргізу 2,0 1,0
5. Болжама диагноз 2,0 1,0
6. Зерттеу жоспарын қүру 1,0 0,5
7. дифференциальды диагностикалық жоспар 1,0 0,5
8. Талдау жасау ЖҚА,ЖЗА 2,0 1,0
9. Биохимимиялық қан нәтижесіне талдау жасау 2,0 1,0
10. Ничепоренко және Зимницки сынама нәтижесіне талдау жасау 1,0 0,5
11. Созылмалы пиолонефриттің УДЗ нәтижесінде талдау жүргізу 1,0 0,5
12. Емдеу әдісін таңдау 2,0 1,0
13. Науқаспен оптимальді қарым қатынасты орнату және секемшілдікті басу 1,0 0,5
Жалпы балл

Стандартизациялланған актер (науқас ) және оның рөлі жайлы сценарий мәтіні:

шағымы : Бел аймағындағы сыздаған ауру сезіміне, дене қызуының 38,6°С ге дейін жоғарылауы, жолпы әлсіздік, шаршағыштық.

Сұрақтың негізі Актерға қойылатын сүрақтың нақтылығы жауабы
Ауруының басталған уақыты Бел аймағындағы ауру сезімі қандай сипатта – үдемелі немесе ұстама тәрізді? Бел аймағындағы үдемелі ауру сезімі мазалайды
Ауру сезімінің берілуі   Ауру сезімі төменгі жақтарға берілеме жоқ па? Ешқайда берілмейді
Ауру сезімінің сипаты Ауру сезімі қандай сипатта,шаншып ауырама, ұстама тәрізді ма? Шаншып ауырады
Ауру сезімінің сипаты, орнын анықтау Бел аймағындағы ауру сезімін немен байланыстырасы, ауру сезімі қай аймақтарда қатты сезіледі. Бел аймағындағы ауру сезімі қозғалыс кезінде күшейеді, және көлікпен жүрген кезде күшейе түседі.
Дене қызуының ұзақтығы Дене қызуыңыз қаншаға дейін және қашаннан бері қөтеріледі Дене ызуы 3 –күннен бері мазалайды, басында 38,0°С, содан кейін 39,6°С дейін жоғарылай бастады

Анамнезінде :Жүктілік кезінде зәр анализінде протеинурия анықталған 0,066 г/л, лейкоцитурия 8-9 дейін көру алаңында. Босанғаннан соң дәрігерге қаралмаған. Қазіргі жалпы жағдайының нашарлауын салқындаумен байланыстырад (жаңбыр астында қалған). Жиі ауру сезімді зәр шығырумен басталған. Өз бетінше емделген. Соңғы 3 күнде дене қызуы 38,0°С дейін жоғарылаған.

Тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлықсыз.Жүктілік – 1, босану – 1 (2010 ж)

Аллергиялық реакциялары жоқ .

Объективті қарау:жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене бітімі Нормостениялық, тағам қабылдауы қалыпты. Тері жабындылары бозғылт ,таза. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ -16 рет мин. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс, ЖСЖ 80 рет мин. АҚ 140\80 мм рт. ст. Жүрек шекаралары өзгермеген.

Тілі ылғалды, таза . іші жұмсақ пальпация жасағанда ауру сезімсіз . Курлов бойынша бауыр өлшемі 9х8х7. Ұрғылау симптомы екі жақтада оң. Зәр шығаруы жиі ауру сезімді.


Зерттеу жоспары:

Жалпы қан анализі

Гемоглобин – 109 г/л

Эритроцит - 4,3 х 1012

Түстік көрсеткіш 0,85

Тромбоцит - 2709

Лейкоцит – 12,0 х 109

Таяқша ядролы нейтрофил – 9%

Сегмент ядролы нейтрофил – 71%

Эозинофил – 0

Базофил - 0

Моноцит – 2

Лимфоцит – 18

СОЭ – 22 мм/час

Анизоцитоз +++, пойкилоцитоз ++, гипохромия +

Биохимиялық қан анализі

Мочевина – 8,9 ммоль/л

Креатинин – 55 ммоль/л

Белок – 60 г/л

Альбумин 42,3%

Глобулин 57,7%

a1 – 5,4%

a2 – 10,6%

b – 15,9%

g –25,8 %

Глюкоза – 3,8 ммоль/л

СРБ - +

Жалпы зәр анализі.

Көлемі – 110 мл

Түсі – тұнық емес сарғыш

Т ұнықтығы – тұнық емес.

Салыстырмалы тығыздығы – 1010

Реакция – қышқыл

Белок – 0,099 г/л

жалпақ эпителий – 0 – 2 в п/зр

Лейкоцит – 12-13 в п/зр

шырыш +++

тұзды оксалат ++

Бактерии ++

Нечипоренко бойынша зәр анализі:

-лейкоцит – 6 000,

-эритроцит -2000,

-цилиндр- 50

Зимницкий сынамасы:

Тәуліктік диурез-1500 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы-1008-1024,

Күндізгі диурез-700 мл

Түнгі диурез-800 мл

бүйректің УДЗ -і:оң бүйрегі. өлшемі: 10,4*5,16

Табақша тостағанша жүйесі – ұлғайған, Паренхимасы 1,7 см біркелкі, контуры – бірдей

Сол жақ бүйрегі . көлемі: 11,1*5,1 см

Табақша – тостағанша жүйесі -ұлғайған, төменгі сегментінде анэхогенді қосылулар 1,4*1,0 см, орташа 1,43*0,92

Паренхимасы 1,9 см біркелкі. Тегіс емес

Контуры – тегіс

Бүйрек үсті безі – өзгеріссіз

Қорытынды: 2- жақты созылмалы пиелонефрит белгілері, өршуі. Табақша дилятациясы? (Екі бүйректің табақша- тостағанша жүйесінің кистасы?) Нефролог дәрігерінен кеңес алу ұсынылды.


Клиникалық жағдай бойынша жауап эталондары

«Созылмалы пиелонефритпен науқасты жүргізу әдісі және диагностикасы».

Қадамдарды бағалау критерилері Жауап эталондары
Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылдыма? Аурудың басталу уақытын анықтау, ауруын немен байланыстарады,ауру сезімінің сипаты қандай? Анамнез morbie
Созылмалы пиелонефриттің ауырлық дәрежесінің критерииі бойынша анықталуы Дене қызуының 38,6°С дейін жоғарылауы, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, АҚҚ 140\80 мм рт. ст. Жоғарылауы, зәр анализінде -протеинурия 0,066 г/л,  
Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылдыма салмағы 55 кг бойы185 см, Астеникалық дене бітімді, Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Нормостенникалық, тамақтануы қалыпты. Тері жабындылары боз, таза. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТЖ -16 рет мин.
Созылмалы пиолонефриттің клиникасы бойынша дұрыс талдау жүргізу Жүрек тондары анық, ритмді, ЖСж 80 рет мин. АҚҚ 140\80 мм рт. ст. Жүрек шекаралары ұлғаймаған.Ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Зәр шығаруы жиі және ауру сезімді.
Болжама диагноз Созылмалы екі жақты пиелонефрит,өршуі. Артериальды гипертензия 1ст, ққф 1ст. Темір тапшылықты анемия 1 ауырлық дәрежесі. ХБП 0 ст.
Зерттеу жқспарын құру ЖҚА, ЖЗА, Бх\а: мочевина, креатинин, белок және оның фракциялары, Нечипоренко, Зимницкий бойынша зәр анализі, Бүйректің УДЗ.
дифференциальды диагностикалық жоспар Созылмалы гломерулонефритпен, созылмалы бүйрек ауруларымен салыстырмалы диагностика жасау
Талдау жасау ЖҚА,ЖЗА ЖҚА -лейкоцитоз нейтрофильді жылжумен, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ жоғарылауы, анемия ЖЗА -сілтілі реакция, зәр бұлыңғыр, тығыздығының төмендеуі, салыстырмалы протеинурия, айқын лейкоцитурия, бактериурия
Биохимимиялық қан нәтижесіне талдау жасау Биохимиялық қан анализі Мочевина – 8,9 ммоль/л Креатинин – 55 ммоль/л Белок – 60 г/л Альбумин 42,3% Глобулин 57,7% a1 – 5,4%   a2 – 10,6%b – 15,9% g –25,8 % Глюкоза – 3,8 ммоль/л СРБ - +
Ничепоренко және Зимницки сынама нәтижесіне талдау жасау Зәр анализі: Нечипоренко: лейкоцитурия, - Зимницкий -никтурия  
Іш қуысыныңУДЗ ның нәтижесіне талдау жасау Қорытынды: 2-жақты созылмалы пиелонефрит белгілері, өршу.
Емдеу әдісін таңдау Диета №7 1.Антибактериялды терапия (амоксициллин 2 гр/тәулігіне б/е немесе цефотаксим 1-2 гр./тәулігіне 10 күн), 2.5-нок 50 гр.по 1 таб х3 рет 10 күн, бүйрек шөбі 20 күн (демдеп ішу) 3.СЕҚҚП (диклофенак 7,5 мг х 2 рет б/е 5 күн) 4.Сорбифер по 100мг х2 рет,1 ай
Науқаспен оптимальді қарым қатынасты орнату және секемшілдікті басу

Симуляцияны жабдықтау:

1. Есеп жазылған қағаз, науқас үшін сценарий (волонтер),қадамдарды бағалау критериі

2. ЖҚА, ЖЗА,Б/Х анализі, Нечипоренко және Зимницкий бойынша,бүйрек УДЗ нәтижелері

3. Фонендоскоп, тонометр

4. Латексті қолғаптар, мақталы шариктер

Жабдықталуы: оқу бөлмесі – жанұялық дәрігер кабинеті

1. Кушетка – 1

2. Стол және орындық

3. Медициналық шкаф препараттармен

← Предыдущая страница | Следующая страница →